Кендірше

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Thesium alpinum

Кендірше (Thesium) – санталдар тұқымдасына жататын көп жылдық, сирек бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда кең тараған. 325-тей түрі белгілі. Қазақстанда аласа таулы аймақтың далалық және тасты беткейлерінде өсетін 8 түрі кездеседі.

Кендіршенің Қазақстанда кездесетін түрлерінің ішінде өте сирек кездесетіні – Минквиц кендіршесі (Thesium minkwitzianum). Оның биіктігі 30 см-дей. Көптеп кездесетін жалаңаш, қыртысты сабақтары болады. Жапырақтары жалпақ қандауыр тәрізді, етті. Гүлдері сары түсті, 3 жалпақ қандауыр тәрізді гүлжапырақтардан тұрады, гүлсерігі қалампырға ұқсас. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, жеміс береді. Жемісі – эллипс тәрізді жаңғақша. Минквиц кендіршесі – Талас Алатауының эндемигі, таралу аймағы жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы