Кен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кен — жер қабығындағы бір минералдан немесе минералдар агрегатынан тұратын, пайдалы қазбалардың ерекше жекеленген табиғи жиынтығы. Ерекше бір территорияда орналасқан және жалпы геологиялық құрылысы жағынан байланысты кендер тобы бассейн немесе аудан деп аталады (мыс.: Қарағанды көмір бассейні, Атасу темір кені ауданы, тағы басқалар).

Кен бақылаушы факторлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғалымдардың көпшілігі металлогендік факторлар терминінің шартты синонимі деп есептейді. Алайда кен бақылаушы факторлар терминімен тек қана кенді аудандар мен жергілікті кенді алаңдар өңіріндегі кен қалыптасу және таралу заңдылықтарын қамтамасыз ететін факторларды ғана кескіндеген жөн. Мұндай факторлардың қатарына жататындар — литологиялық, құрылымдық, магмалық, құрьшымдық-магмалық, литологиялық-құрылымдық, литолөгиялық-стратиграфиялық және т.б. факторлар. Бұл аталғандардан гөрі ірірек дәрежелі, яғни тектоникалық-магмалық, құрылымдық-фациялық, жемірілу тереңдігі және т.б. факторлар металлогендік факторлар деп аталатын ұғымдар шеңберіне кірмекші.

Кен білінімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сапасы мардымдьшық талаптарына шамалас болғанымен, мөлшері тұрғысынан қазіргі уақытта игеруге келмейтін минералды шикізаттың шағын шоғырлары.

Кен бітімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кен түзуші әр түрлі минералдық агрегаттардың кеңістіктегі арақатыстылығымен және бағыттылығымен сипатталатын кенді массаның құрылыс ерекшеліктері.

Кен жалбырлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Домалақ, эллипсоидті немесе бұрыс пішінді кішігірім кен шоғырлары мен тасберіштері.

Кен қалыптастыру температурасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гидротермалық кенорындардағы кен түзілу процесінің басты сатысына сәйкес келетін температура мөлшері; бұл кендер жоғары температуралы (500— 300°С), орташа температуралы (300— 200°С) және төмен температуралы (200— 50°С) болуы мүмкін. Кен қалыптастыру температурасын анықтау шаралары минералдарды жасанды түрде дайындау, минералды ассоциациялардағы газды-сұйықты кірікпелерді зерттеу және изотопты талдау әдістері арқылы жүзеге асырылатын геологиялық термометрияға негізделген.

Кен қалыптастырушы орта

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кенді құрайтын заттардың іріктелу, қозғалу және шоғырлану процестерін жүзеге асыратын геологиялық түзілімдер бірлестігі.

Кен қалыптасу процестері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жер қыртысы мен жоғарғы мантия өңірлеріндегі химиялық элементтердің нақтылы заңдылықтарға сәйкес жіктелуі және қозғалыстарға ұшырауы нәтижесінде ғанда әлдеқайда мол минералданған түрлі пішінді кенді алаптар; әдетте тектоникалық жарылымдардың тоқайласу өңірлеріне сәйкес келеді.

Кен түзілуінің абиссаль жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кен түзілу процесі жер бетінен 3—15 км терендіктер аралығында өтеді деп шамаланатын жағдай.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.