Каратэ-бала

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Каратэ-бала
The Karate Kid
Фильмнің постері
Жанры

жауынгерлік өнер

Режиссёрі

Харальд Цварц

Продюсері

Уилл Смит

Сценарийдің авторы

Кристофер Мерфей ,Роберт Марк Кэмен

Басты рөлдерде

Джеки Чан, Джейден Смит, Тараджи П. Хенсон

Операторы

Роджер Прэтт

Композиторы

Джеймс Хорнер

Кинокомпания

Columbia Pictures

Ұзақтығы

140 мин

Бюджеті

$ 40 млн

Мемлекет

АҚШ, Қытай

Тілі

ағылшын, қытайша

Шыққан жылы

2010

http://www.karatekid-themovie.com/ және https://www.sonypictures.com/movies/thekaratekid

Каратэ-бала (ағылш. The Karate Kid; басқа атаулары «Каратэші бала», «Каратэші-бөпе» ) — Харальд Цварцтың көркемдік фильмі , 1984 жылы түсірілген аттас фильмнің қайта шығарылуы. «Каратэ – бала » , Қытайда Kung Fu Dream , ал Жапон және Корей елдерінде «Үздік бала» деп –2010 жылы жауынгерлік өнер жанрында атақты болды. Фильм Джеки Чанның және Джейден Смиттің ата–анаcы Джада Пинкет Смит пен Уилл Смиттің қаржылық қолдауымен түсірілді.

Каратэ–бала фильмі АҚШ-та бірінші рет 2010 жылы 11 мамырда және Сингапурда 1 күнге ертерек шықты,10 мамыр, 2010 жыл.

Күйеуі өлгеннен соң және Детройттағы америкалық жесір өзінің 12 жастағы ұлы Дре (Джейден Смит), Бейжіңге көшеді,ол жердегі салт-дәстүр және тілін білмей. Бұл жерде Дре жас скрипкашы қыз Мэй Инмен танысады, осы жерде бұзақы балалар тобын кездестіреді. Бұл топтың бастығы Чэн, Дре сияқты қызға құмар. Чэн Дрені ұрып соғады, сосын бір мектепте оқығаны үшін оны кемсітеді. Дре бұл мәселеден шығу үшін жекпе- жекке қызығады және кунг-фу мектебіне келеді, бірақ оқушылар арасынан Чэнді көріп, кетіп қалады. Ол Чэн мен оның достарына су шашып арам іс жасап, қашып кетеді, бірақ Чэн оны қуып жетіп, ұрып соғады. Чэннің досы Лян оны тоқтатуын сұрайды, бірақ Чэн тоқтамай Дрені ұра береді. Енді Дрені өлтірейін деген кезде оған Дренің үйіндегі теміршебер Хан (Джеки Чан) кедергі болады. Чэннің тобы Ханға қарсы шығады, бірақ ол бұл шабулға тойтарыс береді, олардың соққысын бір- біріне жібереді.

Хан Дремен бірге Чэн және оның тобы жаттығатын Алысушы айдаһар мектебіне келеді. Хан Чэн Дрені ұрмасын деп сұрайды, бірақ Чэннің ұстазы бұл шешімге қарсы шығап, біреуі төбелесу керек деп айтады. Хан Дре келе жатқан кунг-фу турнирінде төбелеседі, және бұл турнирге дейін Дреге тиіспесін деп айтады.Таңқалған Ли келісімін береді.

Ұста өз жаттығуларын бастайды. Ол Дреге оның кұрткесін киіп, шешіп, ілгішке ілуді ғана көрсетеді. Дре жалыққанна бұл істі тастайын дегенде, Хан осы істен керемет, негізгі техниканы көрсетеді. Олар Хан кунг-фу үйренген, Удан тауына барады. Демалыста Дре Мэй Инді кездестіреді. Ол өзінің тыңдату концертіне кешігіп барады, осы концерттен кейін Мэй Иннің ата- аналары оған Дремен дос болмауын сұрайды, бірақ Дре Мэй Иннің әкесінен қытайша кешірім сұрайды, ал әкесі Мэй Инға Дренің турнирына баруға рұқсат береді.

Турнирде Дре жартыфиналға өтеді. Ол жерде Лянді кездестіреді. Ал оның ұстазы Ли Дренің аяғын сындарсын деп қалайды. Лян Дренің аяғын сындырғаны үшін турнирден шығып кетеді. Дәрігер, Дренің ары қарай ойнай алмайтындығын айтады. Алайда Дре ары қарай қатысады. Чэнге ұстазы Ля сол істі жасасын деп қалайды, соын Чэн Дренің жарақаттанған аяғын ұрып –соғады. Алайда Дре бар күш жігерін жинап Чэннің басына соққы қылады. Чэн Дреге сыйын өз қолынан береді: ол және оның достары Ханға құрмет көрсетеді.

Актер Рөлі
Джеки Чан Хан
Джейден Смит Дре Паркер
Тараджи П. Хенсон Шерри Паркер, Дренің анасы
Ван Чжэньвэй Чэн
Юй Жунгуан Ұстаз Ли
Хань Вэньвэнь Мэй Ин

Фильмнің құрылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Variety журналы 10 қараша 2008 жылы, "Каратэ- бала" фильмінің ремейкіне жұмыс басталуда деп жариялады. 2009 жылдың 22 маусымында Джеки Чан, Лос- Анджелесте, концертке жиналған адамдар алдында, Бейжіңде, осы фильмде ұста болып түсетіні жайлы айтты.

Фильм Бейжіңде түсірілді, шілдеде басталып, 2009 жылдың 16 қазанында бітті.

Фильмге әр түрлі атау қойған: біріншісі- "Каратэші жігіт", екіншісі- "Кунфуист жігіт", бірақ сосын фильм екі атаумен бірақ шығатыны жайлы қабылданды. Азияда - біріншісі болса , басқа елдерде - екінші атаумен болды.

2012 жылы сиквел жаңартылды: Сайрус Ворис және Итан Рейфф сценаристтерінің орнына Зак Пенн болды.

Columbia Pictures және Overbrook Entertainment, фильм шыққан соң, өздеріне осы фильмнің жалғасы болуына, өздеріне мақсат қойды.Тіпті Уилл Смит бұл ойға қарсы болған жоқ. Сценариді Сайрус Ворис және Этан Райф мүмкін жазады. Ал ары қарай не болатыны белгісіз.