Калий цианиді
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d0/Potassium-cyanide-phase-I-unit-cell-3D-SF.png/220px-Potassium-cyanide-phase-I-unit-cell-3D-SF.png)
Калий цианиді, цианды калий, KCN – цианды сутек қышқылының калий тұзы. Түссіз кристалды зат, тығыздығы 1,56 г/см3; балқу t 634,5°С; суда, спиртте ериді. Судағы ерітіндісі гидролиз әсерінен сілтілік реакция көрсетеді. Ылғал күйіндегі Калий цианиді көмір қышқыл газының әсерінен ыдырайды. Калий цианидін цианды сутек қышқылын күйдіргіш калиймен бейтараптау арқылы, сондай-ақ көмір мен калий карбонатының қоспасын кальций цианидімен әрекеттестіре алады. Калий цианиді кентас құрамынан алтын, күміс өндіруде және алтын жалатуда пайдаланылады. Өте улы зат. [1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Энциклопедиясы
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |