Иван Ильич Мозжухин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Иван Мозжухин
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Иван Ильич Мозжухин

Туған күні

26 қыркүйек (8 қазан) 1889 (1889-10-08)

Туған жері

Мәскеу,Ресей

Қайтыс болған күні

17 қаңтар 1939 (1939-01-17) (49 жас)

Қайтыс болған жері

Париж, Франция

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

19111936

IMDb

ID 0610620

Иван Ильич Мозжухин (8 қазан (26 қыркүйек) 1889 ж., Кондоль, Саратов губерниясы, Ресей империясы — 17 қаңтар 1939, Париж, Үшінші француз республикасы) — Ресей дыбыссыз киносының актеры, Франция, Германия және АҚШта да жұмыс істеген.

Мәскеу университетінің заң факультетінде оқыған. Алдымен провинциялық театрларда, одан кейін Мәскеудегі халық үйінде қызмет етті. Киноға 1911 жылдан түсе бастады: скрипкашы Трухачевский (Л. Н. Толстойдың «Крейцер сонатасы» бойынша), адмирал Корнилов («Севастополь қорғанысында»), Бецкий («Ертеңгі күннің әйелдерінде») т. б. Реалистік бағыттағы талантты, қызу қанды актер. Мелодрамаларда ойнап, тұрмыстық комедиялар, салондық және декаденттік драмалар бойынша қойылған фильмдерге түсті. Таңдаулы рольдері: Ставрогин («Николай Ставрогинде», Ф. М. Достоевскийдің «Албастылар» романы бойынша; 1915), Герман (А. С. Пушкиннің «Қарғаның мәткесі» бойынша, 1916). 1920 ж. шетелге қоныс аударды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Ivan Mozzhukhin