Зеренді ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауданы
Зеренді ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Зеренді

Ауылдық округтер саны

21

Кенттік әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

79

Әкімі

Әсен Дулатұлы Жақсылықов[1]

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №71

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°55′ с. е. 69°22′ ш. б. / 52.917° с. е. 69.367° ш. б. / 52.917; 69.367 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°55′ с. е. 69°22′ ш. б. / 52.917° с. е. 69.367° ш. б. / 52.917; 69.367 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1935

Жер аумағы

7,8 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

35 078[2] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (67,08%), орыстар (23,82%), немістер (2,79%), украиндар (2,23%), татарлар (1,14%), беларустар (0,85%), поляктар (0,58%), басқалары (1,51%)[3]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

021200-021231[4]

Автомобиль коды

03

Зеренді ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Зеренді ауданы

Облыс картасындағы Зеренді ауданы

Зеренді ауданыАқмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1935 жылы құрылған. 1997 жылы Көкшетау ауданымен біріктірілді. Жер аумағы 7,8 мың км². Аудан орталығы – Зеренді ауылы.

Географиялық орны, жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігі мен батысында СҚО-ның Тайынша және Айыртау аудандарымен, шығысында Бурабай, оңтүстігінде Сандықтау аудандарымен шектеседі.

Зеренді ауданы Көкшетау қыратының солтүстігін алып жатыр. Жер бедері аласа таулы, ұсақ шоқылы, ойлы-белесті жазық. Ірі таулары: Зеренді (587 м), Жыланды (609 м), Қараүңгір, Қаратау, Қошқарбай, Шымылдықты, Байөтер (551 м), Елікті (502 м), Нарөлген (489 м), т.б. Кен байлықтарынан алтын, қызғылт гранит, доломит, құрылысқа жарамды тас, құм, каолин, емдік саз, т.б. кездеседі.

Климаты тым континенттік: қысы ұзақ (қар 140 – 160 күн жатады) суық, қары аз (20 см), жазы жылы әрі құрғақ. Ауаның орташа темпепатурасы қаңтарда –18°С, шілдеде 19°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 350 – 400 мм. Ауданның оңтүстіктен солтүстігіне қарай Шағалалы өзен мен оның оң саласы Қылшықты өзен ағып өтеді. Оңтүстігінен Есілдің оң салалары – Жабай, Аршалы, Қошқарбай бастау алады. Аудан аумағында көлдер көп. Ірілері: Зеренді, Қарағайлыкөл, Айдабол, Бірқыз, Шымылдықты, Құмдыкөл (тұщы), Қараүңгір, Жамантұз, Жолдыбай, Ақметжансор.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан жерінде шіріндісі мол қара және күңгірт қоңыр топырақ кең тараған, сортаңдар да кездеседі. Тың игеру жылдары ауданның көп жері жыртылған. Ауданның солтүстік бөлігін қайың, терек шоқтары өскен ормандар алып жатыр. Қыраттың биік жерлері мен шоқыларда қарағай, Зеренді өңірінде қылқан жапырақты орман, Кіші Түкті өңірінде қайыңды, теректі ормандар өседі. Орманда қарақат, таңқурай, мойыл, итмұрын, бүлдірген бар. Ашық жерлерде қараған, тобылғы, т.б. бұталар, бітік шалғындық, астық тұқымдас түрлі шөптер, қызғылт селеу, сәбізшөп, бетеге, жусан, тастақты жерлерінде қына өседі. Орманда қасқыр, бұлан, елік, қоян, түлкі, қарсақ, суыр, тиін, даласында кемірушілер кездеседі. Дала, су құстарының 200-ден аса түрі мекендейді. Ауданда Куйбышев, Самарбай, Зеренді, Кіші Түкті, т.б. орман шаруашылықтары мен олардың бөлімшелері орналасқан. Ірі елді мекендері: Айдабол, Алексеевка, Бірлестік, Зеренді, Шағалалы, Еленовка, Викторовка, Куропаткино, Симферопольское, Ақкөл.

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Зеренді ауданы экономикасының басты салалары егін және мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығын пайдаланылатын жері 642,4 мың га (2008), оның ішінде егістігі 233,7 мың га, тыңайған жері 112 мың га, шабындығы 3,1 мың га, жайылымы 278,2 мың га. Орман 85,9 мың га жерді қамтиды. Аудан жері арқылы Алматы – Петропавл, Қостанай – Барнауыл темір жол, Алматы – Петропавл, Атбасар – Көкшетау, Саумалкөл – Шортанды, т.б. автомобиль жолдары өтеді.[5]

1939 1959 1970 1979 1989[6] 1999 2009[7] 2021
 22957 27069 29296 29223 30519 50206 40591 35625

Тұрғындар саны: 38682 адам (2019)[8]

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 79 елді мекен 1 кенттік, 1 ауылдық әкімдік пен 20 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[11]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Айдабол ауылдық әкімдігі 1222 1041 85,2 587 511 87,1 635 530 83,5
Ақкөл ауылдық округі 2497 2154 86,3 1234 1095 88,7 1263 1059 83,8
Алексеев кенттік әкімдігі 2164 2017 93,2 1051 1002 95,3 1113 1015 91,2
Бәйтерек ауылдық округі 1438 1035 72 717 525 73,2 721 510 70,7
Бұлақ ауылдық округі 2297 2003 87,2 1132 1027 90,7 1165 976 83,8
Викторов ауылдық округі 2084 1607 77,1 1029 819 79,6 1055 788 74,7
Зеренді ауылдық округі 7695 7667 99,6 3697 3723 100,7 3998 3944 98,6
Исаковка ауылдық округі 955 635 66,5 493 345 70 462 290 62,8
Күсеп ауылдық округі 2608 2166 83,1 1314 1127 85,8 1294 1039 80,3
Қанай би ауылдық округі 953 703 73,8 484 360 74,4 469 343 73,1
Қонысбай ауылдық округі 2033 2292 112,7 1015 1374 135,4 1018 918 90,2
Қызылегіс ауылдық округі 809 514 63,5 399 269 67,4 410 245 59,8
Қызылсая ауылдық округі 833 496 59,5 423 251 59,3 410 245 59,8
Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі 1213 1157 95,4 606 575 94,9 607 582 95,9
Ортақ ауылдық округі 919 772 84 471 411 87,3 448 361 80,6
Приречен ауылдық округі 1063 973 91,5 530 483 91,1 533 490 91,9
Садовый ауылдық округі 1401 1517 108,3 705 748 106,1 696 769 110,5
Сарыөзек ауылдық округі 895 643 71,8 461 338 73,3 434 305 70,3
Сейфуллин ауылдық округі 1473 1113 75,6 747 591 79,1 726 522 71,9
Симферополь ауылдық округі 1438 1182 82,2 727 624 85,8 711 558 78,5
Троицк ауылдық округі 1402 1005 71,7 716 507 70,8 686 498 72,6
Шағалалы ауылдық округi 3199 2933 91,7 1565 1477 94,4 1634 1456 89,1
ЖАЛПЫ САНЫ 40591 35625 87,8 20103 18182 90,4 20488 17443 85,1

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды (9 сәуір 2021).
  2. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  3. Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
  4. Қазақстан почталық индекстері
  5. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  6. Ресей империясы,  КСРО халық санақтары
  7. ҚР халық санақтары
  8. Ақмола облысының Статистика департаменті. 01.07.2019 Мұрағатталған 28 мамырдың 2011 жылы.
  9. 2009 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы
  10. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2010 жылдың басындағы саны Мұрағатталған 17 қаңтардың 2013 жылы.
  11. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Сыртқы сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Зеренді ауданы(қолжетпейтін сілтеме)