Запырангүл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бәйшешек
Crocus longiflorus
Crocus longiflorus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Iridaceae
Кіші тұқымдасы: Crocoideae
Тайпасы: Croceae
Тегі: Crocus
L.
Үлгілік түрі
Crocus sativus
L.
түрлері

90 түрі белгілі

Бәйшешек, Запырангүл (лат. Crocus) – құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдіктер. Еуразияда, Жерорта теңізінің жағалауларында өсетін 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Іле, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Қаратауда өседі. Запырангүлдің Алатау бәйшешегі (C. alatavіcus) және Корольков бәйшешегі (C. korolkovіі) деген түрлері бар. Биіктігі 10 – 30 см-дей. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шар тәрізді домалақ болады. Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны 6 – 9, ұзындығы 10 – 12 см. Сары немесе көкшіл түсті дара гүлінің гүл қоршауы қарапайым күлте жапырақшалардан тұрады. Гүл қоршауының ортасынан ұзындығы 10 см-дей түтік шығады да, гүлі сол түтіктің ұшында жетіледі. Аталығы үшеу, аталық жіптері қысқа болады. Аналығы біреу, ол 3 жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі – үш ұялы, көп тұқымды қауашақ. Наурызмамыр айларында гүлдейді. Гүлдері түнге қарай және бұлтты күндері жабылып қалады. Оларды аралар немесе көбелектер тозаңдандырады. Запырангүлдер негізінен сәндік өсімдіктер[1].

Миной фрескасындағы запырангүл жинаушылар, Санторини, шамамен б.з.д. 1650 ж.
Ирандағы запырангүл алқаптары

Табиғатта таралуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Республикамыздың Шығыс Қазақстан, Алматы, Талдықорған облыстарының, жабайы өсетін бұталардың арасында өседі.

Дәрілік шикізат ретінде бәйшешектің жапырағы, тамыр – сабақтары және тамырдың өзі пайданылады.

Химиялық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәрілік шикізатының құрамында сапониндер, эфир майлары, С дәреумені,глюкозидтер, флавондар және примевериндер бар.

Мал дәрігерлігі практикасында бәйшешектің тұнбасы зәр, тер шығаруды үдету үшін, сондай–ақ тыныс алу органдары қабыгнып ауырған малдың қақырығын түсіру үшін пайдаланады. Тұнба 1:10 қатынаста жасалып, бұзауға – 50 – 80 мл, қозыға — 10-15 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.

Көктем кезіеде бәйшешектің жапырағы төлге дәреумендік шөпиретінде жемге қосып беріледі.

Бәйшешектің дәрілік шикізатының малға ешқандай зияны жоқ, дәлірек айтсақ ол улы емес. Сондықтан оның жапырағын дәрумендік – С дәрумені – қоры ретінде бұзаудың, қозының жегенінше беруге болады[2][3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
  2. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы «Қазақстан» 1982, 188 бет.
  3. Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. — Алматы: Қайнар, 1988. — 248 б.