Жұлдыздар жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Алголь үш жұлдызды жүйе (2009 жылы түсірілді)
Төрт жұлдыздан тұратын жүйенің моделі

Жұлдыздар жүйесі — бір-бірімен гравитациялық байланыста болған бірнеше жұлдыздың жүйесі.

Екі жұлдыздан тұратын жүйені қосаржұлдыз деп атайды. Екі жұлдыздан көп болса, бұл еселік жұлдыз болады.

Еселік жұлдыздар арасында көбінесе үш жұлдыздан тұратын жүйелер кездеседі. Әдетте, олардың екеуі қосаржұлдызды құрайды, ал үшінші жұлдызы алшақтау орналасады, бірақ үшеуі де бір массалар центрін айналады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Evans, David S. (1968). "Stars of Higher Multiplicity". Quarterly Journal of the Royal Astronomical Society 9: 388–400. Bibcode 1968QJRAS...9..388E.