Жаңабазар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ауыл
Жаңабазар
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Түркістан

Ауданы

Қазығұрт

Ауылдық округі

Жаңабазар

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°55′16″ с. е. 69°37′09″ ш. б. / 41.92111° с. е. 69.61917° ш. б. / 41.92111; 69.61917 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°55′16″ с. е. 69°37′09″ ш. б. / 41.92111° с. е. 69.61917° ш. б. / 41.92111; 69.61917 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1957

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

3417 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

13

Жаңабазар картада
Жаңабазар
Жаңабазар
Жаңабазар картада
Жаңабазар
Жаңабазар

ЖаңабазарТүркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Жаңабазар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде, Қазығұрт жотасының солтүстік баурайынан бастау алатын Келес өзенінің жағалауындағы бұта аралас бидайық, боз, көде өскен сұр, қоңыр топырақты тауаралық дала белдемінде орналасқан.

Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
2656 2854 3417 119,7 1457 1726 118,5 1397 1691 121

Іргесі 1957 жылы осы маңда қой шаруашылығын дамытуға байланысты қаланды. 1997 жылға дейін “Коммунизм” кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Жаңабазарда шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Ауыл маңында орман-тоғайы бар әсем келген тау шатқалдары орналасқан. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]