Жасанды каучук

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жасанды каучуквулкандау арқылы резеңкеге айналдыруға болатын жасанды полимерлер.


Жасанды каучук эластомердің негізгі массасын құрайды. Жасанды каучукты ең алғаш 1879 жылы француз химигі Г.Бушард (1842 — 1918) изопренді (табиғи каучукты құрғақ айдау өнімін) тұз қышқылымен өңдеу кезінде алды. Ал өндірістік синтезі 1932 жылы (С.В. Лебедев әдісімен) іске асырылды.

Жасанды каучук, негізінен, 2 топқа бөлінеді:

  1. жалпылама қолданылатын жасанды каучук (бутадиен каучук, бутадиен-стиролды каучук, т.б.), мұнда резеңкенің созылғыштық қасиеті пайдаланылады;
  2. арнайы қасиеттері бар жасанды каучук, мысалы, кремнийорганикалық каучуктен жылуға, суыққа төзімді бұйымдар жасалады.

Жасанды каучуктің жасанды латекстер, сұйық каучуктер, термоэластопластар дейтін ерекше топтары бар. Жасанды каучуктың табиғи каучукқа қарағанда жылуға төзімділігі жоғары. Жасанды каучукты негізінен диендер мен олефиндерден полимерлеу арқылы алады. Мономер ретінде бутадиен, изопрен, стирол, т.б. қолданылады. Жасанды каучуктен әр түрлі бұйымдар (шина, резеңке аяқ киім, т.б.) жасалады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті. ISBN 9965-36-092-8