Жаркент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Жаркент қаласы бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Жаркент
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Жетісу облысы

Ауданы

Панфилов ауданы

Әкімі

Нұрмолдаев Талғат Қиниятұлы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°10′17″ с. е. 80°00′34″ ш. б. / 44.17139° с. е. 80.00944° ш. б. / 44.17139; 80.00944 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°10′17″ с. е. 80°00′34″ ш. б. / 44.17139° с. е. 80.00944° ш. б. / 44.17139; 80.00944 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1882

Қала статусы

1891

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

52 806[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

19

Жаркент картада
Жаркент
Жаркент
Жаркент картада
Жаркент
Жаркент

Жаркент — қала, Жетісу облысы Панфилов ауданының орталығы (1928 жылдан).

Ш.Уәлиханов 1856 жылыШығыс Түркістанға саяхат күнделігі” атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе, “Үсек өзенінің жағасында аялдауға лаж болмады. Шынында да айналасында құм мен тас, тым болмаса бір шөп болсашы, үй тіккендей таза орынның өзін төңіректі барлап, қанша іздесек те таба алмадық”, — деп жазған. Шоқан өткен осы жерде 1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланған.

1891 жылы қала болды. Бастапқыда, негізінен, ұсақ қолөнершілер мен сауда-саттық қаласы болған, 1928 жылдан аудан орталығы. Осы кезде жаңа кәсіпорындар ашылып, құрылыстар салына бастады. Қала 19421992 жылы аралығында Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловтың есімімен аталды.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс орталығы — Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде, Іле өзені аңғарында, Жетісу (Жоңғар) Алатауынан бастау алатын Үсек (Өсек) өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты жазықта орналасқан.

Жаркент ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел
Абсолюттық максимум, °C 12,6 17,6 28,0 35,5 38,1 39,4 42,1 41,2 39,0 32,3 25,2 16,6
Орташа максимум, °C −0,5 2,3 11,3 20,7 26,1 30,1 32,0 31,2 26,7 18,6 9,3 1,9
Орташа температура, °C −6,3 −3,2 5,3 13,6 18,9 22,9 24,7 23,4 18,7 11,5 3,7 −3,4
Орташа минимум, °C −12 −8,6 −0,7 6,4 11,7 15,8 17,4 15,6 10,6 4,4 −1,9 −8,6
Абсолюттық минимум, °C −30,3 −31,2 −22,4 −6,8 −1,8 2,1 9,2 4,9 −2,5 −9,6 −19,2 −29,1
Жауын-шашын нормасы, мм 9,8 11,1 12,9 18,1 19,9 28,5 27,6 13,3 10,0 16,2 19,0 13,2
Дерекнама: Жаркент ауа райы мен климаты


Саны (2009, 2021)[2]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
39731 52361 131,8 19380 26290 135,7 20351 26071 128,1

Кәсіпорындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құрылыс зауыты, нан, ет, тұрмыстық қажетін өтеу комбинаттары, тігін фабрикасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

7 орта мектеп, педагогикалық мектеп, (республикадағы алғашқы оқу орындарының бірі, 1929 жылы ашылған), мешіт, 2 кинотеатр, 3 кітапхана, мәдениет үйі, 3 клуб, аурухана, емхана, стадион, автостанса, ірі сауда орталығы, т.б. мекемелер бар (1999). 1979 жылы сәулет өнерінің музейі ашылды. Жаркент арқылы Алматы — ҚорғасҮрімші автомагистралі өтеді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  2. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
  3. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9