Атбасар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Атбасар
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Ақмола облысы

Ауданы

Атбасар ауданы

Әкімі

Қамбатыров Нұржан Төлегенұлы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°48′18″ с. е. 68°20′57″ ш. б. / 51.80500° с. е. 68.34917° ш. б. / 51.80500; 68.34917 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°48′18″ с. е. 68°20′57″ ш. б. / 51.80500° с. е. 68.34917° ш. б. / 51.80500; 68.34917 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1845

Алғашқы дерек

1830-шы жылдары

Бұрынғы атаулары

Атбасарская станицасы

Қала статусы

1878

Жер аумағы

68,7 км²

Орталығының биiктігі

290 м

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

31 084[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71643

Пошта индексі

020400

Автомобиль коды

03

Атбасар картада
Атбасар
Атбасар
Атбасар картада
Атбасар
Атбасар
 Басқа мағыналар үшін Атбасар (мағына) деген бетті қараңыз.

Атбасар — қала, Ақмола облысы Атбасар ауданының орталығы (1928).

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 232 км жерде, Жабай өзенінің (Есілдің бір саласы) оң жағалауына орналасқан.

Атбасар ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел
Абсолюттық максимум, °C 2,1 3,3 16,4 29,8 35,8 39,9 41,4 38,9 37,2 28,4 15,3 3,7
Орташа максимум, °C −12,4 −11,5 −4,1 10,5 20,5 26,1 26,9 25,5 19,1 9,7 −2,6 −9,8
Орташа температура, °C −16,8 −16,3 −9,2 4,5 13,1 18,7 20,0 18,2 12,0 4,0 −6,8 −14,2
Орташа минимум, °C −21,1 −21 −14,3 −1,5 5,6 11,2 13,1 10,9 4,8 −1,6 −11 −18,5
Абсолюттық минимум, °C −42,6 −42,6 −36,8 −27,5 −8,8 −4,1 2,5 −2,9 −9 −20,3 −36,1 −41,4
Жауын-шашын нормасы, мм 21,3 17,7 17,2 19,3 30,5 39,6 45,9 33,6 21,4 22,8 22,9 23,5
Дерекнама: Атбасар ауа райы мен климаты


Іргетасы 1845 жылы қаланған. 19 ғасырдың 40 – 50 жылдары өзі аттас округтың, 1869 жылдан Ақмола облысы Сарысу уезінің орталығы болды. Қазан төңкерісіне дейін мұнда жыл сайын Атбасар (Петров) жәрмеңкесі өткізіліп тұрды. 1928 жылдан аудан орталығына айналды. Ақмола – Қарталы (Ресей) темір жолының салынуы (1940) қаланың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасады. Ұлы Отан соғысы кезінде сырттан көптеген тұрғындар мен бірнеше кәсіпорын көшіріп әкелінді. Тың жерлердің игерілуі қаланы ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін ірі кәсіпорын орталығына айналдырды.

Тұрғындар саны:

  • 3 мың адам (1897);
  • 35,3 мың адам (1997);
  • 29,1 мың адам (2006);
  • 29,5 мың адам (2015).
Саны (2009, 2021)[2]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
30436 31434 103,3 14511 15588 107,4 15925 15846 99,5

Кәсіпорындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Атбасарда толық механикаландырылған, жаңа техникамен жабдықталған Қазақстандағы ең ірі элеватор, автомобиль, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін, құрылыс материалдарын шығаратын, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл шаруашылығын механикаландыратын және электрлендіретін мамандар даярлайтын колледж, орта және орталау, музыка мектептері бар.

  1. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  2. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары