Жан-Пьер Адамс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жан-Пьер Адамс Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

10 наурыз 1948 (1948-03-10)

Туған жері

Дакар

Қайтыс болған күні

6 қыркүйек 2021 (2021-09-06) (73 жас)

Азаматтығы

Франция Франция

Бойы

178

Позиция

қорғаушы

Клуб карьерасы[* 1]
1966—1967 Франция Монтаржи ? (?)
1967—1970 Франция Фонтенбло ? (?)
1970—1973 Франция Ним 84 (8)
1973—1977 Франция Ницца 126 (15)
1977—1979 Франция Пари Сен-Жермен 41 (1)
1979—1980 Франция Мюлуз 11 (1)
1980—1981 Франция Шалон
Ұлттық құрамы[* 2]
1972—1976  Франция 22 (0)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Жан-Пьер Адамс (10 наурыз 1948 жыл, Сенегалда[1]6 қыркүйек 2021 жыл, Ним) — орталық қорғаушы болып ойнаған француз экс-футболшысы.

Жан-Пьер Сенегалда дүниеге келген. Балалық шағында отбасымен бірге Францияға көшіп өтті.

Ницца және ПСЖ футбол командаларында ойнап елге танымал атанған. Франция ұлттық құрама қатарында 1972 жылдан 1976 жылға дейін жиырма екі матчта ойнаған. Футболшыға ота жасау кезінде дәрігер қателігінен Жан-Пьерде қиыншылықтар туды. 1982 жылы 17 наурыздан бері комада жатып[2], 2021 жылы 6 қыркүйекте өмірден өтті.

Тоқтап қалған өмір

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1981 жылы жиі жарақаттана беріп, футбол ойнауды доғарды. 1982 жылы 17 наурызда тізесіне ота жасату үшін Лиондағы клиникаға барады. Ол кезде қалада хирург деген мүлде тапшы, бір мезетте бірнеше адамды операция жасауға тура келеді. Жан-Пьерді емдейтін дәрігер (жанында тәжірибесіз жас көмекшісі бар) оңбай қателесіп, ота шарттарын дұрыс жасамайды. Нәтижесінде футболшының миының біраз бөлігі қайта қалпына келмей қалады да, Жан-Пьер мәңгі қозғалыссыз жатып қалады. Осылайша ол үшін өмір 1982 жылы тоқтап қалды да.

Содан 40 жылға жуық өз үйінде жатты. Жалғыз күтушісі — әйелі Бернадетт Адамс. 38 жыл бойы күйеуінің жанынан бір елі ұзаған емес, күйеуін фотоға немесе видеоға мүлде түсірткен емес.

Бернадетт медицина саласындағы жаңалықтарды үзбей қарап отырды. Бар арманы — күйеуінің ми талшықтарын қалпына келтіре алатын өркениет заманына тез жету болған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сіллтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]