Жансая Даниярқызы Әбдімәлік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жансая Әбдімәлік (2023)

Жансая Әбдімәлік (12 қаңтар, 2000, Алматы) — қазақ шахматшы қызы, он төрт жасында әйел гроссмейстер атанған [1].

Суан тайпасының Бағыс руынан шыққан.[2]

2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын көрсетті (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған - Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия). Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша орындар реті - вьетнам қызында 46.5, Әбдімәлікте - 43.5, ал Челсиде - 42.5.) [3] Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған. [4]

Жансая бес жасында шахмат ойынының ережелерін үйреніп, жеті жасынан шахмат мектебінде жаттықтырушы Николай Перегудовтың жетекшілігімен әрі қарай шахмат бойынша өз білімін жеттілдірді. 2007 жылы қаңтарда өз жасындағы қыздар арасында Қазақстан чемпионы атанса, 2008 жылы да 8 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 10/11 нәтижемен жеңімпаз атанды. Ол 2011 жылы 12 жасқа дейінгілер арасында 8/9 ұпай жинап, әйелдер арасында халықаралық шебер атағын алды, қыздар арасынды әлем чемпионы атанды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Zhansaya Abdumalik