Жалған банкроттық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жалған банкроттық - фирма басшылығының берешекті өтеу үшін қаражаты бола тұрып төлемдерге мұрсат және шегерім алу үшін несие берушіні адастыру мақсатымен өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған құлақтандыруы.[1]

Коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің несие берушілерге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін несие берушілерді жаңылыстыру мақсатымен өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлауы. Жалған банкроттық экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6