Жай зат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Висмут жай зат ретінде
Фосфордың аллотроптық түр өзгерістері

Жай зат — бір химиялық элемент атомдарынан түзілген зат. Жай зат химиялық элементтің бос күйіндегі өмір сүру формасы болып табылады, мысалы, темір — темір элементінің атомдарынан, азот — азот элементінің атомдарынан құралған, т.б. Жай заттардың молекулалары бір атомнан (, Аr, т.б.), екі (Сl2, Н2, О2, т.б.), үш (О3) немесе одан да көп атомдардан құралуы мүмкін. Химиялық элементтер мен жай заттардың арасындағы айырмашылық — бір элементтің бірнеше жай зат түрінде бола алуында. Сондықтан олар сан жағынан бірдей болмайды; мысалы, көміртек химиялық элементі алмаз, графит жай заттары түрінде бола алады, бұлар — көміртектің аллотроптық түр өзгерістері (қ. Аллотроптық). Әрбір жай заттың өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Олар өзара әрекеттескенде әрқайсысына тән қасиеттері жойылып, күрделі заттар түзіледі. Мысалы, жай заттар сутек пен азот әрекеттескенде күрделі зат — аммиак түзіледі.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы