Дәулет Тазабекұлы Ембердиев
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Дәулет Тазабекұлы Ембердиев (24 желтоқсан 1970, Қасқасу, Түркістан облысы) – қазақстандық мемлекет қайраткері, дипломат. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1970 жылы 24 желтоқсанда қазіргі Түркістан облысының Қасқасу ауылында дүниеге келген. 1993 жылы "қазақ тілі мен әдебиеті, араб тілі оқытушысы" мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірді.
- 1993-2008 жылдары – Қазақстанның Өзбекстандағы, Израильдегі елшіліктерінде-атташе, үшінші хатшы, СІМ орталық аппаратының екінші хатшысы, бірінші хатшы, кеңесші; Иранда - кеңесші, Қазақстанның Горгандағы Бас консулы, Қазақстанның Ливандағы дипломатиялық миссиясының істеріндегі уақытша сенімді өкіл (1993-2008);
- 2008-2009 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі.;
- 2009-2010 жылдары — "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС Басқарушы директоры;
- 2010-2011 жылдары – ҚР Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, бас консулы;
- 2011-2016 жылдары – ҚР Ливан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі.;
- 2016-2019 жылдары – БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі, Нью-Йорк қаласы;
- 2019 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.[1]