Дүйсен Тоқбергенұлы Сүлеев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дүйсен Тоқбергенұлы Сүлеев (16.1.1936 ж.т., Алматы) - театр суретшісі, педагог.

1963 ж. Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институты) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтының кескіндеме бөлімін бітірді. 1963 - 68 ж. Қазақ академиялық драма театрында коюшысуретші, 1968 - 78 ж. казіргі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры және Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының бас суретшісі, 1978 - 2001 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясында пед. қызметпен шұғылданды.

С.Е. Рахмадиевтің "Қамар сұлу" операсын (1963), З.Ақышевтың "Жаяу Мұса", Б.Майлиннің "Майданы" (1965) мен "Шүға" (1969) мен "Алғашқы үшқындар" (1967), М.Кәрімнің "Ай тұтылған түн" (1968), Ш.Аймановтың "Жас Абай" (М.Әуезовтің романы бойынша, 1969), О.Бодықовтың "Отырардың күйреуі" (1974), Т.Жұртбайдың "Құнанбай" (республикалық театрлар фестивалінің 1-жүлдесі, 1995; Семей музыкалық. драма театрында), т.б. спектакльдерді көркемдеді.

1996 жылдан зейнеткер.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8