Дротаверин
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/92/Drotaverine_ball-and-stick.png/250px-Drotaverine_ball-and-stick.png)
Дротаверин (лат. Drotaverine) ішкеннен кейін тез және толық сіңеді. Ол плазма ақуыздарымен, әсіресе альбуминдермен, альфа- және бета- глобулиндермен жоғары дәрежеде байланысады (95-98%). Ішкеннен соң 45-60 минуттан кейін плазмада ең жоғарғы қанығу деңгейіне жетеді. Бауыр арқылы алғашқы өту кезінде дозаның 60% өзгермеген түрде қан айналымында болады.
Фармакодинамика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Но-шпа IV фосфодиэстеразаға селективті арқылы тегіс бұлшық еттің түйілуіне қарсы әсер ететін изохинолин туындысы. Бұл ферментті тежеу тегіс бұлшық ет босаңсуын туғызатын миозин киназасының жеңіл тізбегінің белсенсіздендіретін cAMF-ның жоғары қанығуына әкеп соғады.
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- билиарлы жолмен байланысты тегіс бұлшықет түілулерінде: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перехолецистит, холангит, папиллит
- бас ауыруында
- гинекологиялық ауруларда: дисменореяда
- асқазан-ішек жолдарының тегіс бұлшықет түйілуінде: асқазан ойық жарасында, гастритте, энтеритте, колитте, іш қатулар немесе іш кебуде.