Диофант

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Диофант

Диофант (III ғасыр) - ежелгі грек математигі.

Оның «Арифметика» деген математикалық трактатының бір бөлігі қазіргі кезге дейін сақталып жеткен. Бұл еңбекте 4-дәрежеге дейінгі анықталмаған теңдеулерге түрлендірілетін есептер шешілген. Бұлардың шешімдері рационал оң сандармен(теріс сандарды Диофант қолданбаған) анықталған. Анықталмаған теңеулер көптеген әдістермен шешілген. Белгісізді және оның дәрежесін, теңдік белгісін шартты түрде белгілеу үшін сәйкес сөздерді қысқартып пайдаланған. Диофанттың ғылыми еңбегі француз математигі Пьер Ферманың (1601 - 1665), швейцар математигі Леопард Эйлердің (1707 - 1783) және неміс математигі Карл Гаусстың (1777 - 1855) зерттеулерінің бастама "көзі" болған. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Математика әлемі: Математикалық пәндік энциклопедия. Нұрқанат Көбенқұлұлы.