Денсаулық журналы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

"Денсаулық" – қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғылым-көпшілік журнал. 1-саны 1990 ж. қаңтарда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен республикалық кәсіподақтар кеңесінің басылымы ретінде жарық көрді. 1999 ж. «Денсаулық» ЖШС-не айналды. Журнал қазіргі заманғы медицина проблемаларына, әсіресе, аса көп тараған аурулар мен қауіпті індеттерге баса назар аударып, олардың алдын алу, емдеу шараларын дер кезінде көтеріп келеді. Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, судың, ауаның, топырақтың ластануы, биосферада экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, Қазақстанның әскери сынақ алаңдарына айналған аймақтарындағы (Семей, Батыс Қазақстан, Қызылорда) радиация кесапаты журналдың негізгі тақырыбына айналды. Медицина тарихына, дәрігерлердің еңбек жолына арналған, дәрі-дәрмектерді қолдану туралы материалдар арнаулы айдарлармен беріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6