Гипербола (жантану)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гиперболакүшейту деген мағынаны білдіреді. Гипербола қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде бейне ашық, мәнерлі, көзге жағымды болып шығады. Гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады. Мысалы, үнді мифологиясындағы көп қолды құдайлармен, жетібасты айдаһардың бейнелері осы әдістің көмегімен құрастырылған. Қазақ әдебитіндегі оның жарқын мысалыдары: жоғарғы ерні көк тіреп, төменгі ерні жер тіреп; айшылық алыс жерлерді бір күнде өтіп жеткені.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6