Гидролокация

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эхолот

Гидролокация (гр. 'һуdrо' – су, лат. locatio — орналастыру) — су астындағы нысандардың орнын олардан шығатын дыбыс сигналдары (пассивті локация) не олардан шағылысқан жасанды дыбыс сигналдары бойынша (белсенді локация) анықтау. Ағылшын тілінде және көптеген тілдерде «SONAR» (sound navigation and ranging аббревиатурасы) деп аталады.

Гидролокация деп, көбінесе дыбыстық локацияны айтады. Өйткені, қазіргі теңіз суында әлсіремей таралатын толқындардың белгілісі осы ғана. Тексеру нысаны орналасқан бағыт пен оған дейінгі қашықтықты анықтау үшін гидролокациялық станция жан-жаққа дыбыстық немесе ультрадыбыстық тербелістердің қысқа мерзімді импульсін таратады. Су астындағы нысаннан шағылысқан импульсті гидролокациялық станция жаңғырық-сигнал түрінде қабылдайды. Нысан орналасқан бағыт (пеленг) гидролокациялық станцияның қабылдағыш-таратқыш жүйесінің көлбеу жазықтағы бұрылу бұрышы бойынша анықталады. Гидролокация су астындағы көрінбейтін кедергілерді анықтауға балық аулауда (балық үйірлерін және жекелеген ірі балықтарды табуда), мұхиттануда (мұхиттың физикалық қасиетін зерттеу, теңіз түбінің картасын жасау және т.б.), соғыс мақсаттарында (мина, сүңгуір қайық, су үстіндегі кемелерді табу және оларды бақылап отыру және т.б.) қолданылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.