Геннадий Иванович Диков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Геннадий Иванович Диков (21 қараша 1928 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы) – ветеринария ғылымдарының докторы (1984), профессор (1989).


Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1952, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты лабораториясында кіші (1953–61), аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1961–97). 1997 жылдан осы мекеменің ғылыми кеңесшісі қызметін атқарады.

Диков 140 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 кітаптың авторы. 2 авторлық куәлігі бар.[1]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

http://www.agroweb.unesco.kz/level2/sci/scidgi.htm

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том