Газ өнеркәсібі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей мен Қазақстанда 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен аздаған газ алынып тұрды.

Газ - калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайткыштарын алуда қолданылады.  Газ өндіру (1920 жылында) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игер- ген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды.

Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.[1]

  • Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен орнында өндірілді. Қазақстанның газ өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты. «Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.
  • 1973 жылы табиғи және ілеспе газ өңдеумен, газ конденсатын сұйылтатын және құрғақ газ, газ бензинін алумен айналысатын Қазақ газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қ.) іске қосылды.

Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар:

  • Қазақ газ өңдеу зауыты
  • Теңіз газ өңдеу зауыты
  • Жаңажол газ өңдеу зауыты
  • Қарашығанақ өңдеу кешені.

Қазақстан газ өнеркәсібіне республикалқы аумағы арқылы өтетін БұхараОралОрта АзияМәскеу, БұхараШымкентТаразБішкекАлматы магистральды газ құбырлары, сонымен бірге газ пайдалану бірлестігін реттеп отыратын Бозой, Полторацкий және Ақыртөбе жер асты газ сақтау қоймасы кіреді. Сондай-ақ республикада жекеленген газ құбырларымен газ тасымдалдап, жеткізу жұмыстарын «Қазтрансгаз», «Қазтрансойл», т.б. компанияларының бөлімшелері атқаруда (2006). Қазақстан uаз өнеркәсібінің дамуы 1991 жылдан жаңа деңгейге көтерілді. Сол жылы «Қазақгазөнеркәсіп» мемлекеттік газ концерні құрылды, кейін ол «Қазресгаз» ұлттық газ компаниясы деп аталды. Қазақстан жері газға бай. Каспий, Мойынқұм, Шу – Сарысу ойпаттарында, Қарашығанақ пен Теңізде газдың мол қоры бар. Барланған табиғи газ қоры 4,0 трлн. м3 болса, жасанды газ қоры 1,2 млрд. м3. Қазақстандық Каспий т. секторы мен құрлықтағы газдың жобалық ресурстары табиғи газ бойынша 6 трлн. м3, ал жасанды газ қоры 2,2 млрд. м3.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7
  2. [[Маңғыстау энциклопедиясы]], Алматы, 1997;