Верный уезі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Уез
Верный уезі
Әкімшілігі
Ел

 Ресей империясы

Кіреді

Жетісу облысы

Уездік қаласы

Верный

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1867

Таратылған уақыты

3 қыркүйек 1928

Жер аумағы

66,4 мың км²

Тұрғындары
Тұрғыны

223,9 мың адам (1897)

Верный уезіРесей империясындағы Түркістан генерал-губернаторлығына (1882-1899 ж. — Дала генерал-губернаторы) қарасты Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Уездік қаласы – Верный (1921 жылдан бастап — Алматы)[1].

Верный уезі 1867 жылы 14 сәуірде құрылды.

Қазан төңкерісінен кейін Верный уезі Түркістан АСКР Жетісу облысының (1918-1922; 1924 ж. бастап Қазақ АКСР Жетісу губерниясы) құрамына енді. Верный уезінің аумағын уақытша басқару үшін Әскери-революциялық комитет құрылып, ол 1918 жылы сәуірде өз өкілеттіктерін Верный уездік-қалалық жұмысшы, солдат, казак, шаруа және мұсылман депутаттары кеңесіне берді. 1918 жылы тамызда Верный уезі Кеңестерінің бірінші съезі болды. Кеңестің алдында 49 ауылдық Кеңестерді ұйымдастыру, Кеңестердің 11 болыстық съезін, Жетісу облысының барлық уездерінен келген делегаттардың жиналысын өткізу (1918 ж. 25-26 мамыр) болды.

1921 жылы 3 наурыздағы Түркістан АСКР ОАК шешімімен Верный қаласы Алматы болып өзгертілгеннен кейін уез де Алматы болып аталды.

1923-1929 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформаның нәтижесінде Жетісу губерниясының Алматы уезі Алматы округінің ауданы болып өзгертілді (БОАК 1928 жылғы 3 қыркүйектегі шешімі).

1921 жылы уез құрамына 20 болыс кірді.

Болыс Орталығы
Бақай Балажан а.
Бидалы Ұзынағаш а.
Үлкен Алматы Үлкен Алматы ст.
Ботпай Айдарке м.
Шығыс Қастек Казанско-Богородская ст.
Дегерес Тоқтыөзек м.
Жайылмыш
Жанту Самсоновское а.

1926 жылы уездің құрамына 9 болыс кірді, ауданы 57 350,26 ш.км болды.

Болыс Мекендер Ауылдар Орталығы
Алматы 7 7 Жаңғызаяқ
Іле 1 5 Іле
Балқаш - 9 қыс. Шеңгелді жаз. Ақбастау
Қастек 5 10 Тарғап
Қызыл Сүйіктүбек - 7 Шелек
Талғар 14 4 Александровск
Түрген 5 5 Маловодное
Ұзын Қарқала 4 12 Ұзынағаш
Шелек 20 - Шелек

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алматы. Энциклопедия / М. Қ. Қозыбаев — Алматы: Қазақ кеңес энциклопедиясы, 1983. — Б. 179. — 608 б. — 60000 таралым.