Вандея соғыстары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Вандея соғыстары
Негізгі қақтығыс: Франция революциясы
Вандея соғыстарындағы сәт: Анри де Ларошжаклен Шола маңындағы шайқаста 1793 жылы. Поль-Эмиль Бутиньи
Вандея соғыстарындағы сәт: Анри де Ларошжаклен Шола маңындағы шайқаста 1793 жылы. Поль-Эмиль Бутиньи
Дата

3 наурыз 1793 жыл5 мамыр 1795 жыл
24 маусым 1795 жыл29 наурыз 1796 жыл

Орын

Вандея, Дё-Севрдің солтүстігі, Мен және Луараның оңтүстігі, Атлантикалық Луараның оңтүстігі

Себеп

Әскерге күштеп алып кету, шаруалардың кедейленуі, шіркеулердің қатал реформалары

Нәтиже

республикандықтардың жеңісі

Қарсыластар

Франция республикасы

Роялисттер:

Қолбасшылары

Арман-Луи Бирон
Франсуа Марсо
Жан-Батист Клебер
Луи-Мари Тюрро
Тома-Александр Дюма
Лазар Гош
Франсуа-Жозеф Вестерманн
Шарль-Филипп Ронсен

Жак Кателино
Морис д’Эльбе
Анри де Ларошжаклен
Франсуа Шаретт
Шарль де Боншан
Луи-Мари де Лескюр

Тараптар күші

Француз революция әскері:
130 000—150 000 адам [1]

Католиктік және корольдік әскер:
80 000 адам

Шығындар

~ 30 000 қаза болды

~ 130 000 қаза болды

Жалпы шығындар
175 000—200 000

Вандея соғыстарыФранцияда болған Ұлы франция революциясы кезінде республика үкіметтің роялистік бүлікке қарсы жүргізген күресі.

Вандея соғыстарының атауы бүліктің ең негізгі ұйытқысының бірі болған Вандея департаментінің атынан шықты. Вандея соғыстары 1793 жылы мейлінше ұлғайды, бұл тұста бүлікке дворян және дін қауымдарымен қоса шаруалардың едәуір бөлігі тартылды. Шаруалардың наразалығы революция басында буржуазияның саяси күш–қуатының және ауылдағы экономикалық жағдайының күрт күшеюіне байланысты туды, мұны роялистік және клерикалдық насихат пайдаланып кетті. Сан мыңдаған шаруалар тобы қалаларға баса көктей кіріп, әуімшіліктерді жойып, тұрғындарды тонап, қару – жарақтарын тартып алды. 1793 жылы мамыр – маусымда бүлікшілер республика бөлімшелерді талқандап, Туар, Фонтене, Анже, Сомюр қалаларын алды. Ле – Ман, Савна маңындағы шайқастарда вандеялықтардың негізгі күші күйретілді. 1799 жылы, 1815 жылы, 1832 жылы роялистік қозғалысты жандандыру жөнінде қаракет жасалды, бірақ одан нәтиже шықпады. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Hussenet, 2007, p. 418
  2. Қазақ совет энциклопедиясы