Бунд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бундтықтар көтерілісі, 1917 жыл

Бунд (нем. Bund – одақ), Бунд партиясы — негізінен Ресейдің батыс облыстарындағы қолөнерші еврейлерді біріктірген ұлтшыл ұйым. Ол Литва, Польша және Ресейдегі бүкіл еврей жұмысшыларының одағы деп аталды. 1897 жылы Вильнода өткен еврей социал-демократ топтарының құрылтай съезінде құрылған. Бунд мүшелері ұлтшылдық пен сепаратизмді уағыздап, еврейлер үшін "мәдени ұлттық автономия" талап етті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Бундшылар Ресей өкіметін қолдады. Ақпан төңкерісінен кейін меньшевиктерге қосылып, Уақытша үкіметтің құрамына кірді. Қазан төңкерісі кезінде Бундшылар коалициялық үкімет құруды талап етті және өздерінің 8-съезінде Кеңес өкіметіне қарсы күрестің тактикасын белгіледі. Бунд басшылары Рафаил Абрамович, Исай Айзенштадт, т.б. болды. 1917 жылдың аяқ кезінде Бундтан солшыл топ бөлініп шығып, большевиктерге қосылды. Ал қалған бөлігі кеңес өкіметі тарапынан қуғынға ұшырап, 1921 жылы біржолата таратылды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том