Бояғыш заттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Иірілген жіпті бояған кейін кеуіптіру керек

Бояғыш заттар – түрлі материалдарды (мата, былғары, жүн, пластмасса, қағаз, т.б.) белгілі түске бояйтын қасиеті бар органикалық қосылыстар. Оптикалық ағартқыштар да Бояғыш заттарға жатады. Өсімдіктерден (кейде жануарлардан) алынатын табиғи Бояғыш заттарды адам өте ерте заманнан қолданып келеді (мысалы, ализарин, индиго, мовеин, т.б.).

  • 1856 жылы алғашқы жасанды Бояғыш заттар алынды: поляк химигі Я.Натансон фуксинді, ал ағылшын химигі У.Г. Перкин мовеинді синтездеді. 1857 жылдан мовеин өнеркәсіптік жолмен өндіріле бастады. 1868 жылы неміс химиктері К.Гребе мен К.Т. Либерман ализаринді синтездеді. Осыдан кейін бояғыш қасиеттері табиғи Бояғыш заттардан асып түсетін жасанды Бояғыш заттар синтезделе бастады.
  • 20 ғасырдың басында жасанды Бояғыш заттар сапасы мен өндірілу көлемі жағынан табиғи Бояғыш заттарды ығыстырып шығарды. Синтетикалық Бояғыш заттар өндірісінің дамуына орыс химигі Н.Н. Зинин үлкен үлес қосты. Ол анилин алудың жаңа жолын тапты.
  • Қазіргі кезде дүние жүзінде 10000-ға жуық Бояғыш заттар өндірістік жолмен шығарылады. Химикалық құрамына және құрылымына қарай Бояғыш заттар анилиндік, арилметандық, хинониминдік, күкірттік, индиголық, полициклдік, фталциандық, полиметиндік, полициклдік, т.б. болып; қолдану әдістеріне қарай Бояғыш заттар қышқылдық, тура, кубтық, күкірттік, негіздік, катиондық, активтік, тотықтырғыш, дисперсті, т.б. болып бөлінеді. Бояғыш заттардың түр-түсі оның күндізгі жарықтың белгілі бір спектрін жұтатындығына байланысты. Бояғыш заттар боялатын материалдармен химиялық байланыс түзеді, оның табиғаты әр түрлі (ковалентті, иондық, сутектік, хемоадсорбциялық) болуы мүмкін. Бояу процестері әр түрлі, көбінесе сулы ерітінділерде жүргізіледі, бірақ қазіргі кезде органикалық ерітінділер жиі пайдаланылып жүр. Көп жағдайда Бояғыш заттардың боялатын материалмен хим. байланысын тереңдету мақсатымен материалға әр түрлі тұздар сіңіріледі, кейде бояу түзілу процесі боялатын заттың өзінде жүреді, мысалы, ализаринмен, салқын әдіспен бояу. Боялған материалдың түсі қанық болу керек, бояу жарық әсерінен, әлсіз қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінен, жуғаннан, үтіктегеннен өңін бермеуі керек. Бояғыш заттардың сыртқы мех. әсерге тұрақтылығы 5 балдық жүйемен, ал жарық әсеріне төзімділігі 8 балдық шкаламен өлшенеді. Бояғыш заттар медицинада, дәрі-дәрмек, фотореагент, биохимиялық зерттеулерде және аналитикалық химияда реагент, физ. қондырғыларда жарық өткізгіш ретінде жиі пайдаланылады. Бояғыш заттардың негізгі шикізаты – мұнай және көмір өңдеуден алынатын бензол, нафталин, антрацен, пирен, т.б. ароматты және гетероциклді қосылыстар. Бояғыш заттар өндірісі нәзік органиканикалық синтез деп аталады. Бояғыш заттарды алу технологиясы өте күрделі және бірнеше, кейде ондаған реакциялардың тізбегінен тұратын процесс, сондықтан Бояғыш заттардың құны бастапқы шикізат бағасынан ондаған есе артық болады. Бояғыш заттар саны мен сапасы белгілі бір дәрежеде қоғамның технол. дамуының көрсеткіші бола алады.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы