Болат Әдиетұлы Шәкімов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Болат Әдиетұлы Шәкімов (4 маусым, 1956 жыл, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы, Ақтау ауылы) - жазушы (РФ Жазушылар одағының мүшесі), мемлекеттік қайраткер.

Әкесі - Шәкімов Әдиет, марқұм, ҰОС ардагері болған, мұғалім, ұжымшар төрағасы, ауылдық кеңес төрағасы болған. Анасы - Бөлегенова Халу, марқұм, мұғалім болған.

  • Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын (1979) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
  • Алматы саясаттану және басқару институтын (1991) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.
  • Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде «Бәсеке әлеміндегі аймақтық басқару» бағдарламасы бойынша оқытудан өткен (2008).
  • 1973 жылдан - Орал облысы Тасқала ауданының «Қазақ КСР-не 40 жыл» кеңшарында жұмысшы.
  • 1974 жылдан - Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының студенті.
  • 1979 жылдың қарашасынан - Орал облысы Тасқала ауданының №177 ауылдық кәсіби-техникалық училищесінің оқытушысы.
  • 1981 жылдан - Каменск автокөлік кәсіпорнының шеберханасында механик, шеберхана меңгерушісі, Орал қаласының №2555 автоколоннасы шеберханасының меңгерушісі.
  • 1985 жылдың желтоқсанынан - аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Қазақ КСР-іне 40 жыл» кеңшарында партия комитетінің хатшысы.
  • 1989 жылдан - Алматы саясаттану және басқару институтының тыңдаушысы.
  • 1991 жылдан - Орал облыстық партия комитеті бірінші хатшысының референті - облыстық Халық депутаттары кеңесі төрағасының, Орал облыстық әкімшілігі ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы.
  • 1993 жылдан - «Бота» ЖШС директоры (Орал қ.).
  • 1999 жылдан - «Спецстрой» ҚБ ЖШС директоры (Орал қ.).
  • 2004 жылдан - БҚО Тасқала ауданының әкімі.
  • 2007 жылдан - Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданының әкімі.
  • 24.01.2012 - 4.04.2013 жылдар аралығында Орал қаласының әкімі.

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «День из детства» (1987), «Что там, за далью?» (2010) кітаптарының авторы.
  • Келесідей мәскеулік және қазақстандық журналдарда жарияланған: «Литературная учеба», «Наш современник», «Простор».

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үйленген. Жұбайы - Шәкімова Мария Мұқанғалиқызы, дәрігер.

  • Қызы - Шәкімова Әйгерім Болатқызы (1991 жылы туған);
  • ұлы - Шәкімов Әлішер Болатұлы (1993 жылы туған).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2