Болат Бауыржанұлы Мажағұлов
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін инфобокс енгізу қажет. |
Болат Бауыржанұлы Мажағұлов (1 тамыз 1983 жылы, Алматы) — музыкант, мәдениет жанашыры. 2010 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы.
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/1/18/%D0%91%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%82_%D0%91%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%80%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%9C%D0%B0%D0%B6%D0%B0%D2%93%D2%B1%D0%BB%D0%BE%D0%B2.jpg/220px-%D0%91%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%82_%D0%91%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%80%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%9C%D0%B0%D0%B6%D0%B0%D2%93%D2%B1%D0%BB%D0%BE%D0%B2.jpg)
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Болат Мажағұлов 1983 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
- 1990 жылы К.Байсейітова атындағы Республикалық музыка мектебіне барады.
- 1998 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясының гобой сыныбына түседі. Академияда оқып жүріп Италия, Ресей, АҚШ және Қазақстанда өткен көптеген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Қызмет жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызметінен бөлек, "Абай", «Три брата», «Сказки колдуна», «1997» деректі кинофильмдерінде басты рөлді сомдады.
- 1999 жылы Астана қаласы Мемлекеттік Филармонияның симфониялық оркестріне гобойлар тобының концертмейстері болып жұмысқа орналасты.
- 2006 жылы Президент оркестрі ән және эстрада ансамблінің көркемдік жетекшісі болып Республикалық Гвардияға шақырылды.
- 2007-2008 жылдары мәдениет Басқармасында тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бөлімінің бас маманы, одан кейін өнер бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
- 2008 жылы "Джунгли аниматроникстер театры" директоры болып тағайындалды.
- 2009 жылдың желтоқсан айында Бейбітшілік және келісім сарайы директоры қызметіне кірісті.
- 2010 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама Басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Құрмет" ордені, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен және басқа да түрлі дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталған.
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үйленген. 2 қызы бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мажагулов Болат Бауыржанович Мұрағатталған 12 мамырдың 2017 жылы. (орыс.)