Бойль–Мариотт заңы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бұл анимацияда тұрақты температурадағы газдың берілген массасының қысымы (р), оның көлемі (V) кері пропорционал болатындығы көрсетілген

Бойль-Мариотт заңы (кейде Бойль заңы) – газ туралы негізгі заңдылықтардың бірі. Тұрақты температурадағы газдың көлемі мен қысымының арасындағы байланысты анықтайтын заң.

Бұл заңды ағылшын ғалымы Роберт Бойль (1662 жылы) және франция ғалымы Эдм Мариотт (1676 жылы) әрқайсысы өз алдына тәжірибе жүзінде ашқан.

Бойль-Мариотт заңы: тұрақты температурадағы газдың берілген массасының қысымы (р), оның көлемі (V) кері пропорционал болады, басқаша айтқанда, температурасы өзгермегенде, газдың берілген массасының көлемі мен қысымының көбейтіндісі тұрақты шама болады:

Математикалік түрінде бұл заң келесі формула түрінде жазылады:

бұл жерде  — газ қысымы;  — газ көлемі,  — берілген газ массасының грамм-молекула саны мен абсолют температураға пропорционал болатын тұрақты шама.

Бойль-Мариотт заңының көмегімен идеал газдың қысымы мен көлемі арасындағы байланыс жуықтап қана анықталады. Үлкен қысымдағы және жоғары температурадағы газ қасиеттерінде бұл заңнан күрт ауытқушылық байқалады. Өйткені, мұндай жағдайдағы зат молекулаларының көлемі мен оның бір-бірімен әсерлесуін еске алуға тура келеді. Бойль-Мариотт заңы идеал газдар үшін дәл орындалады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]