Бельканто

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бельканто (итал. bel canto — «әдемі ән айту») — операда, вокальдық шығарманы, әнді орындағанда мәнерлі, әрі жеңіл, адамды таң қалдырғандай қылып айту техникасы.

Вокальдық шығарманы бельканто стилінің өріс алы Италия композиторлары Клаудио Монтеверди, Франческо Кавалли, Антонио Чести, Алессандро Скарлаттидің операларымен тығыз байланысты. Кейін Джоаккино Россини, Винченцо Беллини, Гаэтано Доницетти, Джузеппе Вердидің операларында бельканто стилі әншіден жоғары техника, жұмсақ дикция, ария, ариозо, әнді мүдіртпей, әдемі салу шеберлігін тілейді. Әншінің дауысының төменгі, орта және жоғарғы регистрдегі дыбыстарының бірдей, таза шығуын талап етеді. Бельканто стилімен айтатын әншілерді дайындауда, әсіресе, Болонияның вокальдық мектебі, кейін Рим, Флоренция, Венеция, Милан және неаполь мектептері көп еңбек сіңірді. Опералық немесе вокальдық шығармаларды бельканто стилімен айтушылардың ішінде итальялықтар А. Патти, Э. Карузо, Б. Джильи сияқты көптеген әншілер болған. Орыстың ұлы әншілері Ф.И. Шаляпин, А.В. Нежданова, Л.В. Собинов, т.б. операда, вокальдық шығармаларды осы бельканто стилімен айта білген.[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақша музыкалық-терминологиялық сөздік / Б. Ғизатов. - Алматы: Ғылым, 1981. - 139 б