Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым (13.5.1965 жыл, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы) – заң ғылымдарының докторы (2001), профессор, Қазақстан Республикасынын Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі және Қазақстан Заң академиясының академигі.
Білімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ҚазМУ-ды (1990, қазіргі ҚазҰУ), аспирантурасын (1992) бітірген.
- «Тұран» унверситетін (1997) бітірген.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мемлекет пен құқық инстиутының докторантурасын (2001) бітірген.
Қызмет жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан Републикасының Мемлекеттік арбитражында заң кеңесшісі, экономикалық кеңесші және мемлекеттік арбитр болып қызмет еткен.
- 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының Жоғары арбитраж сотының судьясы.
- 1995-2002 жылдары - Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы қызметтерін атқарған.
- 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасың Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы.
- 2006 жылы - Қазақстан Парламентінің Сенаты аппаратының басшысы.
- 2006–2007 жылдары Ақмола технологиялық және бизнес университетінің ректоры
- 2007 жылы Қазақстан Республиканың Жоғары соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің төрағасы
- 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы.
- 2008 жылдан Еуразия ұлттық университетінің ректоры.
Қоғамдық қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2001 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары соты Кеңесінің мүшесі.
- 2001 жылы судьялардың III съезінде Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы болып сайланды.
Ғылыми еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы. [1] Олардың ішінде
- "ҚР жер процесіндегі заңдылықты қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері" (1998)
- "ҚР заңнамасы бойынша келтірілген экологиялық зиянның орнын толтыру" (2001)
- "ҚР жер процесі" (2001) және т.б.
Сондай-ақ жер, аграрлық және экологиялық заңнамалар проблемалары бойынша 20-дан астам оқу-практикалық және ғылыми-әдістемелік құралдардың авторы.
- Жер құқығы мен азаматтық процесс, сот және шаруашылық құқығы бойынша 50-ден астам жарияланымдары бар.
- ҚР жер кодексін әзірлеуге қатысты.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Құрмет» ордені
- "ҚР құрметті қазысы"
- "Үш би" қазылық қауымдастығының "Құрмет белгісі"
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл"
- "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медальдармен марапатталған.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Санаттар:
- 13 мамырда туғандар
- 1965 жылы туғандар
- Қаратауда туғандар
- Қазақстан заңгерлері
- Заң ғылымдарының докторлары
- Қазақстан судьялары
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшелері
- Қазақстан Заң академиясы академиктері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Еуразия ұлттық университетінің ректорлары
- Ақмола технологиялық және бизнес университетінің ректорлары
- Құрмет орденінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының судьясы медалінің иегерлері
- Үш би судьялық қауымдастығының "Құрмет белгісі" медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері