Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ақжол Мейірбеков
Толық аты

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков

Туған күні

26 шілде 1950 (1950-07-26)

Туған жері

Арыс, Оңтүстік Қазақстан облысы

Қайтыс болған күні

25 қараша 2023 (2023-11-25) (73 жас)

Белсенділік жылдары

1972—2023

Мемлекет

 КСРО
 Қазақстан

Мамандықтары

әнші

Аспаптары

Фортепиано

Жанрлары

эстрада
халық әндері

Ұжымдары

Дос-Мұқасан
Гүлдер

Қызметтес болған

Кеңес Дүйсекеев, Қазақконцерт

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков (1950 жыл 7 шілде, Арыс, Түркістан облысы2023 жыл 25 қараша) — Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994). Құрмет ордені (2011) мен Ерен еңбегі үшін медалінің (2005) иегерлері.

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1978 жылы әйгілі «Досмұқасан» ансамбльіне қабылданған.
  • 1979 жылдан Қазақконцерт өнер бірлестігінің құрамында.
  • 1978–1985 жылдары «Дос-Мұқасан» ансамбльінің құрамында әнші болды.
  • 1985–1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салды.
  • 1994–1996 жылдары «Гүлдер» ансамбльінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.
  • 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды.
  • 2010 жылдан қайтадан «Досмұқасан» ансамбльінің әншісі.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ақжол Мейірбеков 1972 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық «Алло, біз таланттарды іздейміз» атты ән байқауында халық әні "Айгөлек" әнімен гран-при жүлдесін ұтып алған.
  • Көптеген шетелдер мен Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында гастрольдік сапарлармен болған.
  • «Досмұқасан» ансамбльінің құрамында жүріп, "Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі” халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндерін орындады.
  • Жеке шығармашылығында Кеңес Дүйсекеевтің "Іңкәр жүрек", "Туған жер", "Асыл жарым", "Махаббатым жүрегім", Н.Сәрсенбаевтың "Қиялдағы елес", Қ.Шілдебаевтың "Кешір мені", Ж.Кеңесовтың "Апа сен қартаймасың", Ә.Ботақаевтың "Пай пай қайран жастық шақ" және т.б көптеген әндері халыққа кеңінен тараған.[1]

Қосымша ақпараттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ақжол Мейірбеков үш рет Мекке-Мединеге қажылық сапарға барып қайтқан.[2]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Үйленген. Әйелі — Шарипа.
  • 2 ұл, 1 қыз баласы бар. 7 немерінің атасы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 жыл, ISBN 9965-26-095-8
  2. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы