Асық
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/e/ee/%D0%90%D1%81%D1%8B%D2%93%D1%8B%D2%A3_%D0%B0%D0%BB%D1%88%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%81%D1%96%D0%BD.jpg/220px-%D0%90%D1%81%D1%8B%D2%93%D1%8B%D2%A3_%D0%B0%D0%BB%D1%88%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%81%D1%96%D0%BD.jpg)
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады. Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/5/59/%D0%90%D1%81%D1%8B%D2%9B_%D0%BE%D0%B9%D0%BD%D0%B0%D1%83.jpg/300px-%D0%90%D1%81%D1%8B%D2%9B_%D0%BE%D0%B9%D0%BD%D0%B0%D1%83.jpg)
- Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.
- Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.
- Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.
- Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
- Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.
- Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.
- Сомпы – асық тұмсығының көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.
- Табан – асықтың тәйке жағы.
- Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады.
- Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады.
- Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, межемдісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.
Асық түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/2/23/%D0%90%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83._%D3%98%D0%BB%D1%88%D1%96_%28%D0%B0%D1%81%D1%8B%D2%9B%29_%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%BA%D1%96%D1%88%D1%96.jpg/300px-%D0%90%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83._%D3%98%D0%BB%D1%88%D1%96_%28%D0%B0%D1%81%D1%8B%D2%9B%29_%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%BA%D1%96%D1%88%D1%96.jpg)
- Кеней, кентай - асық ойынында ұпайға тігілетін асық. "Кішкентай" сөзі "Кіші" және "кентай" сөздерінен шыққан. Шүкейдің мүжілген түрі.
- Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі. Құлжа сақа - арқардың сақасы.
- Ешкімер - ешкінің асығы.
- Қойлақ, жабай - қойдың асығы.
- Құлжаз- құлжаның асығы.
- Топай, сомпай - бұзау, тайынша асығы.
- Шүкейт - киіктің асығы.
- Шүкей - қозы, ешкі асығы.
- Пүш- тәйке түспесін деп, алшы жағы жонылған асық. "Пұшайман болу" деген сөз осыдан шыққан.
Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы. Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ А.Құралұлы Ұлттық Дүниетаным 2. 2002 жыл. ISBN 5-89840-401-5