Асан Тәжиев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Асан Тәжиев (1907, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы — 1976, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы) — ақын. Өлеңді жазып та, ауызша айтып та шығаруға машықтанған. Ауылда ағарту саласында қызмет істеген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. "Жауынгер батыр ерлерім", "Харьков азат етілді", "Отан үшін", т.б. майданда шығарылған өлеңдерін қарулас жолдастарының арасында айтып жүрген. Соғыстан кейін "Жас шопандарға", "Балаларыма", "Орыс тілі - ана тілі", т.б. арнау жырлары, "Жақсы мен жаман", "Молда мен қарға", т.б. мысал өлеңдері аударған газеттерде басылды. Біраз өлеңі "Шұғыла" жинағында (1977) жарияланған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6