Арабиноза
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8f/DL-Arabinose.svg/220px-DL-Arabinose.svg.png)
Арабиноза , C5H10O5 - табиғи пентоза тобына жататын көмірсутек. Фишер формуласында D(+)- формасының ОН 2-ші көміртек атомының қасында орналасқан.
Молярлық массасы - 150,13; тығыздығы - 1,585; балқу температурасы - 164—165°С.
Қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түссіз кристалдар, дәмі - тәтті, суда жақсы ериді.
Екі стереоизомерлі түрінде болады: (−)-арабиноза және (+)-арабиноза.
Табиғатта таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арабиноза өсімдіктерде, көбінесе басқа күрделі көмірсутектердің - гемицеллюлоздердің, пентозандардың және шие желімі - пектиндік заттар құрамында болады. Арабиноза өсімдіктерде "L" түрінде кездеседі, "D" түріндегісі кейбір гликозидтер құрамында ғана болады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998