Анхель

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Анхель
ис. Salto Ángel
Сипаттамасы
Биіктігі979 м
Ені107 м
Су шығыны300 м³/с
Орналасуы
5°58′03″ с. е. 62°32′08″ б. б. / 5.9675° с. е. 62.5356° б. б. / 5.9675; -62.5356 (G) (O) (Я)Координаттар: 5°58′03″ с. е. 62°32′08″ б. б. / 5.9675° с. е. 62.5356° б. б. / 5.9675; -62.5356 (G) (O) (Я) (T)
Ел Венесуэла
АймақБоливар
ӨзенЧурун
Анхель (Венесуэла)
Анхель
Анхель Ортаққорда

Анхель (ис. Salto Ángel, пемон тіліндеKerepakupai vena, «өте терең жер сарқырамасы») — биіктігі 1054 метр болатын әлемдегі ең биік сарқырама, судың үздіксіз түсу биіктігі 807 метр[1]. 1935 жылы сарқыраманың үстінен ұшып өткен ұшқыш Эйнджел Джеймстың (ағылш. Angel) атымен аталған.

Сарқырама Венесуэланың тропикалық ормандарындағы, Канайма ұлттық саябағында орналасқан. Су венесуелалық ең биік тепуй Ауянтепуи — қазақ тілінде «шайтан тауынан» құлап ағады[2]. Судың құлау биіктігі сонша, жерге жеткенше, су ұсақ бөлшектерге айналып тұман болады. Тұманды бірнеше шақырымнан сезуге болады. Түскен су Кереп өзеніне құйылады[3].

Джеймс Эйнджел сарқырамаға ұшқан ұшақ

Сарқыраманы Эрнесто Санчес Ла Крус XX ғасырда ашқанымен, ол Джеймс Эйнджелдың ұшқанына дейін кеңінен танымал болмады. 1933 жылы АҚШ ұшқышы Джеймс Эйнжел рудалар іздеу ниетімен сол маңайда ұша бастады. Жергілікті гидтер айтуынша ол алмаз іздеген. Жергілікті тұрғындар сол кезде жиі сипаттамасы алмазға келетін тастар жайлы айтатындықтан Эйнджелдың бұнысы ақылға қонарлық болды. Шындығында бұл жонда кварц көп болатын. 1933 жылдың 16 қарашасында Эйнджел Ауянтепуй деп талатын тепуй байқап қалады. 1937 жылдың 9 қазанында қайта оралып, ұшағын Ауянтепуйға қондырмақшы болғанда ұшақтың бір шассиі жарылады.

Нәтижесінде Эйнджел мен жұбайы, барлығы үш адам тепуйдан төмен жаяу түсуіне тура келеді. Олардың өркениетке оралуына 11 күн кетті. Олардың бұл шытырман оқиғасы лезде елге кең тарап сарқырама соның құрметіне — «Анхель сарқырамасы» атанып кетеді (ис. Salto Ángel). Испан тілінде Э́йнджел (ағылш. Angel) фамилиясы А́нхель деп айтылатындықтан сарқырама дәл солай аталады. Сарқырама аты ағылшындардың angel — „періште“ сөзімен еш байланысы жоқ.

Эйнджелдың «Фламинго» ұшағы сол төбеде тікұшақпен алып кеткенше 33 жыл тұрады. Ұшақ Маракай қаласының авиациалық мұражайында қайта қалпына келтіріліп қаланың Сьюдад-Боливар әуежайының алдында тұр.

1949 жылы Ұлттық географиялық қоғамының (АҚШ) ұйымдастыруымен әлемдегі ең биік сарқымаға экспедиция жасалып оның биіктігі анықталып, кітап басып шығарылады.

1994 жылы ЮНЕСКО Канайма ұлттық саябағын, ал онымен бірге сарқыраманы да Әлемдік мұра тізіміне енгізеді[4].

2005 жылдың көкек-мамыр айларында 4 ағылшын, 2 венесуелдық пен бір ресейлік альпинистер пен тасқа шығушылар халықаралық экспедициясы алғашқы рет сарқырама керегесіне еркін тәсілмен шықты[5][6].

2009 жылы желтоқсанның 20 жыл сайынғы Венесуэла президенті Уго Чавес шоуында, антиимпериализм толқынында, Анхель сарқырамасын Керепакупаи-меру (Kerepakupai-merú), жергілікті есімдердің бірімен атайды. Бастапқыда Чурун-меру (Churún-merú) деген ат ұсынылғанымен Президенттың қызы бүл есім жергілікт басқа кішкене сарқырама солай аталатынын байқап қалыпты, содан дереу Чавес басқа атты ұсынады. Бұл шешімін Президент сарқыраманың Джеймс Эйнджел келмей тұрып Венесуэла меншігі және ұлттық байлығына жатуымен түсіндірген[7][8].

Анхель сарқырамасы Венесуэланың жабайы аймағында орналасқандықтан оған тек әуемен немесе өзенмен жетуге болады[5]. Сарқырамаға турлар комплекттермен сатылады, тур Каракастан ұшу немесе Сьюдад-Боливардан Канаймаға (ұлттық саябаққа кіру қонысы), ары қарай сумен жүру, ас пен сарқырамаға баруға өажет басқа да заттарды қамтиды.

Сонымен қатар сарқырамаға шолып қарауға ұшаққа билет алуға да болады, тұмандардан сарқыраманың өзі көрінбей қалуы мүмкін. Құрғақшылық кезде (желтоқсаннан наурызға дейін) сарқырамада су азырақ, бірақ тұманға түсу ықтималдығы аз. Бүкіл саяхат бір тәулікті алады .

Турдың ең арзаны (өзенмен) 2009 жыл тамызына сәйкес — 250$ (билетке Канайма сарқырамаларына бару мен сол саябақта түнеу кіреді).

Қоршаған таулары мен сарқырама панорамасы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]