Антон Семенович Макаренко

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Антон Семенович Макаренко

Антон Семенович Макаренко (1888-1939) - кеңестік педагог. Педогогика тәжірибедегі бұрын болмаған қараусыз қалған жетім балаларды жалпылай қайта тәрбиелеудің тәжірибесін жүзеге асырды. Авторитарлық пен анархизмге бағытталған тәрбие теориясын сынаған. Өз жұмысында тұлға мен қоғамның диалектикалық бірлігі және адамның шығармашылық күшіне деген сенім қағидасын басшылыққа алды. Балалардың оқуы мен оларды еркін өндірістік шығармашылық жұмыспен тәрбиелеуді біріктіре алды. Ұжымдық тәрбие теоретиктерінің бірі, ол: ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; тұлғаны сыйлау мен оған талап қою; параллельді әрекет ету қағидаларын жасаушы. Отбасылық тәрбие теориясын дамытқан. Адамгершілікке тәрбиелеу үшін бала бойында жауапкершілікті, жігерді, намысты, мінезді және тәртіпті тәрбиелеу керек деп түсінген. Жыныстық тәрбие мәселесін азаматты тәрбиелеудің жалпы жүйесінен бөлмеуді ұсынған.

Негізгі еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Педагогикалық поэма»;
  • «Төбедегі жалаулар»;
  • «Ата-аналарға арналған кітап»;
  • «Тәрбие процесін ұйымдастыру әдісі» т.б.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6