Антонин Дворжак

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Антонин Дворжак Леопольд
чех. Antonín Leopold Dvořák
Сурет
Антонин Дворжак, 1868 жыл
Негізгі ақпарат
Туған күні

8 қыркүйек 1841 (1841-09-08)

Туған жері

Нелагозевес, Австрия империясы

Қайтыс болған күні

1 мамыр 1904 (1904-05-01) (62 жас)

Қайтыс болған жері

Прага, Австро-Венгрия

Мамандықтары

Композитор, скрипкашы, альтист

Аспаптары

орган, фортепиано, скрипка және альт

Жанрлары

классикалық музыка

Қызметтес болған

Бедржих Сметана


Антонин Дворжак (чех. Antonín Leopold Dvořák ; 8 қыркүйек 1841 жыл, Прага маңындағы Нелагозевес деревнясы — 1 мамыр 1904 жыл, Прага) — Чехия композиторы, дирижер, Чех ҒА-сы мен өнерінің мүшесі (1890). Прага консерваториясының директоры (1901) әрі профессоры (1891) болған. 1892-95 ж. Нью-Йорктегі Ұлттық консерваториясының директоры.

Антонин Дворжак - чех классикалық симфониясының күлкілі аңыз-опера жанрының ("Русалка") негізін салушысы. Бедржих Сметана дәстүрін дамытқан Антонин Дворжак музыкалық образдарды психологиялық жағынан тереңдете отырып, профессионалдық чех музыкасын халықтық әуен-ырғақпен байыта түсті.

Антонин Дворжак творчествосында чех халқының дәстур-салты, табиғат көріністері терең гуманисттік рухта, каһармандық пафоста шешім тапты. Антонин Дворжак музыкасы тыңдаушысын өміршеңдігімен, нәзік лиризімімен, зілсіз юморымен баурайды [1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Бэлза И.Ф., Антонин Дворжак, М.-Л., 1954 жыл
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Antonín Dvořák