Анна Петровна

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Анна Петровна
Анна Петровна
Анна Петровна

Анна Петровна
Лауазымы
Гольштейн-Готторп герцогинясы
1725 жыл 21 мамыр — 1728 жыл 10 қаңтар
Ізашары Гедвига София Шведская
Өмірбаяны
Қайтыс болуы 15 наурыз 1728 (1728-03-15)
Әкесі Петр І
Анасы Екатерина І
Жұбайы Карл Фридрих
Балалары Пётр III

Анна Петровна (27 қаңтар (7 ақпан) 17084 (15) наурыз 1728) — І Петрдің және Екатеринаның төртінші баласы және екінші қызы.

Анна Петровна

Анна туған кезде оның анасы І Екатерина әлі І Петрдің көңілдес әйелі болған, ол тек үш жылдан кейін ғана оның заңды әйелі болды. 5(16) қаңтарда 1708 жылы Петр қолхат-өсиетнама толтырады. Ол өзінің өлімінен кейін Екатерина мен оның қызына үш мың рубль беруге бұйырды.

Қыз өзінің бөлесі V Иванның қызының Анна Иоанновнаның атын алды.

1711 жылы 6 (17) наурызда патшаның қызы атанды, ал 1721 жылы 23 желтоқсанда патшаның тақ мұрагер қызы атанды.

Анна Петровна өте қабілетті оқушы болды, ол көп кітап оқитын, төрт шетел тілді жетік меңгерген.

1711 жылдан бастап Аннаның патша қызы екені туралы жарияланғаннан кейін оған Санкт-Петербургте жер беріледі.

Бассевичтің арқасында 1724 жылдың 23 қарашада (4 желтоқсанда) Карл Фридрих Шлезвиг-Гольштейн-Готторопский Анна Петровнамен некелесу туралы келісімге қолын қойды. Ұлы Петрдің Ресей тағын сүйікті қызына – Анна Петровнаға бергісі келгені туралы да ақпарат бар. Герцог пен Аннаның некелесу жорасы І Екатеринаның көзі тірісінде – 1725 жылы 21 мамырда (1 маусымда)  өтті. Содан соң герцог Жоғарғы құпия кеңістің мүшесі болып, үлкен қуатты иеленді.

Герцогтың жағдайы І Екатеринаның өлімінен кейін өзгерді. Сол кезде бүкіл билік Мешиковтың қолына келді. Ол өз қызын ІІ Петрге үйлендірмек болды. Меншиков Аннаның оның қызын орыс тағында көргісі  және оған бөгет болғысы келгендіктен, оның күйеуімен араздасты. Көп кешікпей 25 шілдеде (5 тамызда) 1727 жылы Анна мен герцог Петербургті қалдырып, Гольштейнға көшеді. 10 (21) ақпанда Кильде Анна Карл Петр Ульхрты (болашақ Ресей императоры ІІІ Петрді) дүниеге әкеледі. Бірақ Анна тез арада босанудан кейінгі толғақтан жиырма жасында көз жұмады. Өлімінің алдында оның Петербургте, Петропавл соборында, әкесінің мазарының қасында оны көмгенін қалады. Бұл оның өтінішін 1728 жылы 12 (23) қарашада орындайды.

Өз заманына Анна өте білімді болды, ол төрт шетел тілді: француз тілінде, неміс, италяндық және шведтік тілдерін жетік меңгерді. Сондай-ақ Анна Петровнаның балаларды өте жақсы көретіндігі және ол өзінің І Екатеринаның билігі кезінде көлеңкеде қалған жиенін Петрді (Алексей Петровичтің баласын) қатты жақсы көргені мәлім.

Аннаның құрметіне 1735 жылы оның күйеуі Әулие Анна орденің құрды. 1797 жылы Павел императоры тұсында Ресей империясының мемлекеттік сыйына айналды.