Англезит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Anglesite

Anglesite Touizit Morroco
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы PbSO4
Strunz classification 07.AD.35
Ерекшеліктері
Түсі

Colorless to white, commonly tinted

gray; orange, yellow, green, blue, rarely violet
Кристал пішіні Granular, banded, nodular to stalactitic
Сингониясы Orthorhombic – Dipyramidal (2/m 2/m 2/m)
Үгітіндісі [001] good, [210] distinct
Агреттары Brittle to conchoidal
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 2.5–3.0
Streak White
Diaphaneity Transparent to translucent
Үлес салмағы 6.3
Оптикалық сипаты Biaxial (+)
Refractive index nα = 1.878
nβ = 1.883
nγ = 1.895
Fusibility 1.5
Дереккөздер [1][2][3]

Англезит, қорғасын купоросы (алғаш Англияның Англези аралында табылуына байланысты осылай аталған) — сульфаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы . Ромбылық сингонияда кристалданып, жапырақша, таяқша, дипирамида, ал кейде топырақ тәрізді масса құрайды. Англезиттің түсі сары, сұр, жасыл, кейде түссіз, мөлдір; қатт. 2,5-3, меншікті салм. 6,1-6,4 г/см3; жылтырлығы алмастай, нашар жымдасқан. Англезит церусситпен бірге полиметалл кендерінің тотығу белдемінде галениттің өзгеруінен және гидротермал ерітінділердің оттекке қанық сумен араласуынан түзіледі. Қазақстанның Алтай, Орал мыс, полиметалл кендерінде жиі кездеседі. Англезиттен қорғасын өндіріледі.[4]

Англезиттің ірі кристалл түріндегі таблеткалары сирек кездеседі. Көбінесе ол түйіршікті кесектер құрайды немесе топырақ бейнелес болады.

Жаратылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Англезит қорғасынды минералдары бар кендердің үстіңгі тотық қ ан беттерінде қ ұралады. Кейде церусситпен аралас кездеседі, бірақ онан гөрі едәуір сирек болады. Тек кейбір ерекше жағдайларда ғана англезит гидротермалық бола алады.

Англезит қорғасын кенін қорытуда басқ а тотық минералдармен бірге жұмсалады. Бірақ оның жалпы қоры аз.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Anglesite. Handbook of Mineralogy
  2. Anglesite. Webmineral
  3. Anglesite. Mindat
  4. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
  5. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69