Амоксицилин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Амоксициллин

Фармакологиялық тобы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы бета-лактамды препараттар, пенициллиндер. Әсер ету ауқымы кең пенициллиндер. Амоксициллин.

Фармакодинамикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Амоксициллин – бактерицидтік, жартылай синтетикалық пенициллиндер тобының әсер ауқымы кең қышқылға төзімді антибиотигі.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәрілік затқа сезімтал микроорганизмдер тудырған инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуде: -  жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары: соның ішінде жедел ортаңғы отит, жедел бактериялық синусит, жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит;

-  төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: созылмалы бронхит өршуі, ауруханадан тыс пневмония;

-  несеп шығару жолдарының инфекциялары: жедел цистит, жедел пиелонефрит;

-  эндокардит профилактикасы;

-  жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия;

-  сүзек және паратиф;

-  таралған флегмонамен дентальді абсцесс;

-  буындарды протездеуден кейінгі инфекциялық асқынулар;

-   Лайм ауруы;

-  Helicobacter Pylori эрадикациясы

Оспамокс®  сондай-ақ эндокардит профилактикасы үшін көрсетілген.

Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісті пайдалануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру қажет.


Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- пенициллинге, цефалоспориндер, карбапенемдер немесе монобактамдар сияқты басқа β - лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық;

- препараттың белсенді затына, кез келген басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Амоксициллин қолданылатын емді бастар алдында пациентте пенициллиндер мен цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакцияларының бар-жоғын мұқият зерттеу қажет.

Пенициллинмен емделіп жүрген пациенттерде ауыр, кейде өліммен аяқталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактоидты және ауыр тері реакцияларын қоса) тіркелген. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдық реакциясы және анамнезінде атопиясы бар пациенттерде жиірек кездеседі. Аллергиялық реакция дамуында амоксициллинмен емді тоқтатып, басқа баламалы емге көшу керек. 

Сезімтал емес микроорганизмдер

Қоздырғыш сезімтал ретінде құжаттармен расталған немесе сезімтал ретінде белгілі болған немесе қоздырғыштың амоксициллинмен емдеуге сезімталдықтың жоғары ықтималдығы болған жағдайларды қоспағанда амоксициллин инфекциялардың кейбір түрлерін емдеуге жарамайды. Мұны несеп шығару жолдарының инфекцияларын, құлақтың, мұрынның және тамақтың ауыр инфекцияларын емдеуде ескеру қажет.

Құрысулар

Құрысулар амоксициллиннің жоғары дозаларын қабылдау кезінде бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе қауіп факторлары бар пациенттерде көрініс беруі (мысалы, анамнезде құрысулардың болуы, эпилепсия немесе ми қабықтарының қабынуы) мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны бұзылу дәрежесіне сәйкес түзету керек.

Тері реакциялары

Емдеудің басында пустулезді бөртулермен және қызбамен жайылған эритеманың білінуі жедел жайылған экзантематозды пустулездің (ЖЖЭП) даму симптомы болуы мүмкін. Осы реакция дамуында амоксициллин қолдануды тоқтатып, оны келешекте пайдаланбау қажет.

Инфекциялық мононуклеозға күдік туындағанда амоксициллинді қолданбау қажет, өйткені қызылша тәрізді бөртпе білінуі (амоксициллинге) мүмкін.

Яриш-Герксгеймер реакциясы

Яриш-Герксгеймер реакциясы Лайм ауруын амоксициллинмен емдегеннен кейін байқалды. Бұл амоксициллиннің Лайм ауруының қоздырғышына, Borrelia burgdorferi спирохетіне бактерицидтік әсерінің тікелей салдары болып табылады. Пациенттер оның Лайм ауруын антибиотиктермен емдеудің кең таралған және әдетте өзі басылатын зардабы екенінен хабарлануы тиіс.

Сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуі

Амоксициллинді ұзақ уақыт қолдану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.

Антибиотикпен астасқан колит дамуы, амоксициллинді қоса, кез келген антибиотиктерге тән және айқындылық дәрежесі бойынша орташадан өмірге қатерліге дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан, антибиотиктерді қолдану кезінде немесе одан кейін диарея туындағанда осы диагнозды ескеру маңызды. Антибиотикпен астасқан колит туындағанда амоксициллин қолдануды дереу тоқтату керек. Дәрігер кеңесінен кейін тиісті ем тағайындалуы тиіс. Аталған жағдайда перистальтиканы төмендететін препараттар қарсы көрсетілімді.

Ұзаққа созылатын ем

Ұзаққа созылатын емде ағзалар жүйесінің, соның ішінде бүйрек, бауыр функциясын және қан түзу функциясын жүйелі бағалау ұсынылады. Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған және қан көрсеткіштері өзгерген жағдайлары тіркелген.

Антикоагулянттар

Сирек жағдайларда амоксициллин қабылдайтын пациенттерде протромбин уақытының ұзаруы хабарланды. Антикоагулянттар бір мезгілде тағайындалғанда тиісінше мониторинг жүргізген жөн. Қажетті антикоагуляция деңгейін сақтап тұру үшін пероральді антикоагулянттар  дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кристаллурия

Амоксициллиннің жоғары дозалары қолданылғанда амоксициллиндік кристаллурия мүмкіндігін азайта түсу үшін талапқа сай сұйықтық ішуді және несеп шығаруды қадағалау ұсынылады. Қуық катетері қойылған пациенттерде бұл жағдайда катетер өткізгішін жүйелі бақылап отыру қажет.

Диагностикалық тестілер

Сарысу мен несептегі амоксициллиннің жоғары деңгейі белгілі бір зертханалық тестілерге ықпал етуі мүмкін. Көбіне химиялық әдістер қолданылғанда нәтижелері несепте амоксициллин концентрациясының жоғары болуы себепті жалған болып табылады.

Амоксициллин қолданылатын ем кезінде несепте глюкозаның бар-жоғына талдау жасалғанда глюкозооксидазаның ферменттік әдістерін пайдалану керек. Қандағы амоксициллин мөлшері жүкті әйелдерде эстрадиолды талдау нәтижелерінің бұрмалануына әкелуі мүмкін.

Педиатрия

Дене салмағы 40 кг төмен балаларға Оспамокс®  препаратын ішуге арналған суспензия түрінде тағайындауға болады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі препараттармен бірге пайдалану ұсынылмайды

Пробенецид

Пробенецидпен бір мезгілде ұсынылмайды, өйткені амоксициллиннің экскрециясы төмендеуі мүмкін. Пробенецид амоксициллиннің бүйрек өзекшелік секрециясын азайтады. Оспамокс® препаратымен бірге пайдалану қандағы амоксициллин деңгейлерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Аллопуринол

Амоксициллинмен емделу кезінде бір мезгілде аллопуринол енгізу аллергиялық тері реакциялары ықтималдығын арттыра алады.

Тетрациклиндер

Тетрациклиндер және басқа бактериостатикалық антибиотиктер амоксициллиннің бактерицидті әсеріне ықпал етуі мүмкін.

Дигоксин

Амоксициллинмен бір мезгілде қолданғанда дигоксиннің сіңуі артуы мүмкін. Дигоксин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Пероральді  антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар және пенициллин тобының антибиотиктері өзара әрекеттесу хабарламаларынсыз тәжірибеде кеңінен пайдаланылады. Алайда, әдеби көздерде амоксициллинмен бірге аценокумарол немесе варфарин қабылдаған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың артуы аталған. Егер препараттарды бір мезгілде қабылдау қажет болса, амоксициллин тағайындау және тоқтату кезінде протромбин уақытын немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты мұқият бақылап отыру керек. Оның үстіне, пероральді антикоагулянттар дозалануын өзгерту қажет болуы мүмкін.

Метотрексат

Метотрексат (обыр мен ауыр псориазды емдеу үшін қолданылады). Пенициллиндермен бір мезгілде қолдану жағымсыз реакциялар дамуының потенциалды жоғарылауын туындата отырып, метотрексаттың экскрециясын төмендетуі мүмкін. Пенициллиндер метотрексат шығарылуын азайтады, бұл уыттылығының ықтималды артуын туындатады.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

Жүктілік кезінде, болжанатын пайдасы емдеумен байланысты ықтималды қауіптен асып түссе, амоксициллинді қолдануға болады.

Лактация кезеңі

Амоксициллин ықтималды сенсибилизация даму қаупімен аздаған мөлшерлерде емшек сүтіне өтеді.

Салдары ретінде, емшектегі балада диарея және шырышты қабықтың зеңдік инфекциясы туындауы мүмкін. Сондықтан емшек емізуді тоқтата тұру керек. 

Амоксициллинді бала емізу кезінде емдеуші дәрігер пайда/қаупін бағалағаннан кейін ғана қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттеулер жүргізілмеген. Алайда көлік құралын немесе басқа аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізуі мүмкін жағымсыз әсерлерді (аллергиялық реакциялар, бас айналу, құрысулар) байқауға болады.


Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Белгілі бір инфекцияны емдеу үшін таңдалған амоксициллин дозасы ескерілуі тиіс:

- ықтимал патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға күтілетін сезімталдығы

- инфекцияның ауырлық деңгейі және шоғырлануы

- пациенттің жасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы.

Емнің ұзақтығы инфекция түрімен және пациенттің реакциясымен анықталуы тиіс және әдетте мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Кейбір инфекциялар едәуір ұзақ емдеуді қажет етеді.

Ересектер және жасөспірім кезеңдегі балалар (дене салмағы 40 кг-ден көп)

Көрсетілімдер* Доза*
Жедел бактериялық синусит 250 мг-ден 500 мг дейін әр 8 сағат сайын немесе 750 мг-ден 1 г дейін әр 12 сағат сайын
Жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия
Жедел пиелонефрит Ауыр инфекцияларда 750 мг-ден 1 г дейін әр 8 сағат сайын
Таралған флегмонамен дентальді абсцесс
Жедел цистит Жедел цистит бір күн ішінде екі рет 3 г емдеуге болады
Жедел ортаңғы отит



Жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит

Созылмалы бронхиттің өршуі

500 мг әр 8 сағат сайын

немесе 750 мг-ден 1 г дейін

әр 12 сағат сайын


Ауыр инфекцияларда 750 мг-ден 1 г дейін әр 8 сағат сайын 10 күн бойы

Ауруханадан тыс пневмония 500 мг-ден 1 г дейін әр 8 сағат сайын
Сүзек және паратиф 500 мг-ден 2 г дейін әр 8 сағат сайын
Протезделген буындар инфекциясы 500 мг-ден 1 г дейін әр 8 сағат сайын
Эндокардит профилактикасы 2 г пероральді, емшараға дейін 30-60 минут бұрын бір рет
Helicobacter рylori эрадикациясы 750 мг-ден 1 г дейін тәулігіне екі рет протон сорғысы тежегішімен (мысалы, омепразол, лансопразол) және басқа антибиотиктермен (мысалы, кларитромицин, метронидазол) біріктіріп 7 тәулік бойы
Лайм ауруы Ерте сатыларда: 500 мг-ден 1 г дейін әр 8 сағат сайын ең жоғары доза тәулігіне 4 г дейін 14 күн бойы (10-ден 21 күнге дейін).

Кешеуілді сатыларда (жүйелі зақымдану): 500 мг-ден 2 г дейін әр 8 сағат сайын ең жоғары доза тәулігіне 6 г дейін 10-30 күн бойы.

* - әр көрсетілім үшін тиісті емдеу жөніндегі ресми нұсқаулар ескерілу керек.

Балалар (дене салмағы 40 кг-ден аз)

Балаларға амоксициллинді сондай-ақ балаларға қолайлы басқа шығарылу түрлерінде тағайындауға болады.

Көрсетілімдер+ Доза+
Жедел бактериялық синусит тәулігіне 20 мг/кг-ден  90 мг/кг дейін, қабылдауларға бөлінген*
Жедел ортаңғы отит
Ауруханадан тыс пневмония
Жедел цистит
Жедел пиелонефрит
Таралған флегмонамен тіс абсцессі
Жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит тәулігіне 40 мг/кг-ден  90 мг/кг дейін, қабылдауларға бөлінген*
Сүзектік және паратифтік қызба тәулігіне 100 мг/кг, 3 қабылдауға бөлінген
Эндокардит профилактикасы тәулігіне пероральді  50 мг/кг, хирургиялық емшара өткізуден 30-60 минут бұрын бір рет
Лайм ауруы Бастапқы сатыларда: 25 мг/кг-ден 50 мг/кг дейін, 10-нан 21 тәулікке дейінгі аралықта үш қабылдауға бөлінген.

Кешеуілді сатыларда (жүйелі зақымдану):  тәулігіне 100 мг/кг, 10-нан 30 тәулікке дейінгі аралықта үш қабылдауға бөлінген.

+ - әр көрсетілім үшін тиісті емдеу жөніндегі ресми нұсқаулар ескерілу керек.

* - препараттың тәуліктік дозасын, егер ол ең жоғары ұсынылуына жуық болса, 2 қабылдауға бөлу ұсынылады.

Дене салмағы 40 кг-ден көп балаларға ОСПАМОКС®  препаратының ересектерге арналған стандартты дозасын тағайындау керек.

Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Креатинин клиренсі (мл/мин) Ересектер және жасөспірімдік кезеңдегі балалар (дене салмағы 40 кг-ден көп) Балалар (дене салмағы 40 кг-ден аз)#
> 30 дозаны түзету қажет емес дозаны түзету қажет емес
10-30 ең жоғары 500 мг тәулігіне 2 рет 15 мг/кг тәулігіне 2 рет (ең жоғары 500 мг тәулігіне 2 рет)
< 10 тәулігіне ең жоғары 500 мг 15 мг/кг тәулігіне бір рет (ең жоғары 500 мг)
# көпшілік жағдайларда парентеральді емдеу дұрыс болып табылады

Гемодиализ алатын пациенттер

Амоксициллинді организмнен гемодиализ арқылы шығаруға болады.

Гемодиализ
Ересектер және балалар (дене салмағы 40 кг және одан көп) 500 мг әр 24 сағат сайын

Гемодиализ емшарасы алдында 500 мг қосымша дозаны қабылдау керек. Гемодиализден кейін қандағы препарат деңгейін қалпына келтіру үшін  тағы бір қосымша 500 мг дозаны қабылдау қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

ОСПАМОКС®  препараты сақтықпен тағайындалады. Бауыр функциясын жүйелі аралықтар сайын бақылау қажет.

Қолдану тәсілі

Оспамокс®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар препаратын шайнамай, сұйықтықпен (мысалы, бір стақан сумен) ішіп, бүтіндей ішке қабылдайды. Ас ішу амоксициллин сіңуіне ықпал етпейді.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы инфекция типіне және пациент реакциясына байланысты. Кейбір инфекциялар ұзаққа созылатын емдеу кезеңін талап етеді.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары және артық дозалану белгілері

Асқазан-ішек симптомдары (жүрек айну, құсу және диарея сияқты) және су-электролит теңгерімінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін амоксициллин кристаллуриясы байқалды. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдайтын адамдарда құрысулар пайда болуы мүмкін.

Емі

Асқазан-ішек симптомдарын су-электролит теңгеріміне назар аудара отырып, симптоматикалық емдеуге болады.

Амоксициллинді гемодиализ арқылы қан ағымынан шығаруға болады.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болғанда)

Жағымсыз әсерлерін жіктеу: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10,000-нан <1/1,000 дейін), өте сирек (<1/10,000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Өте сирек

- тері мен шырышты қабықтың кандидозы

- қайтымды лейкопения (ауыр нейтропенияны немесе агранулоцитозды қоса), қайтымды тромбоцитопения, гемолиздік анемия, қан кету уақыты мен протромбин уақытының ұзаруы

- ангионевроздық ісіну, анафилаксия, сарысу құю ауру және аса жоғары сезімтал васкулитті қоса, ауыр аллергиялық реакциялар

- гиперкинезия, бас айналу, құрысулар

- антибиотик-астасқан колит (жалған жарғақшалық колит пен геморрагиялық колитті қоса), қара «түкті» тіл, тіс эмалінің беткейлік түсінің өзгеруі#

- гепатит және холестаздық сарғаю, АЛТ және/немесе AСT деңгейінің орташа жоғарылауы

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, буллезді және эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП) және эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS) сияқты тері реакциялары.

- интерстициальді нефрит

Белгісіз

- Коунис синдромы (аллергиялық коронарлық синдром)

- Яриш-Герксгеймер реакциясы

- асептикалық менингит

- дәрілік препарат индукциялаған энтероколит синдромы

- IgA тәуелді сызықтық дерматоз

- кристаллурия (бүйректің жедел зақымдануын қоса)

Аллергиялық реакциялар аясында кеудедегі ауырсыну аллергиялық реакциядан туындаған (Коунис синдромы) миокард инфарктісінің симптомы болуы мүмкін.

Дәрілік препарат индукциялаған энтероколит синдромы

Дәрілік энтероколит синдромы туралы негізінен амоксициллинмен қабылдаған балаларда хабарланды. Бұл қайталанатын құсудың (препаратты қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан кейін) жетекші симптомы бар аллергиялық реакция. Қосымша симптомдарға іштің ауыруы, сылбырлық, диарея, төмен қан қысымы кіруі мүмкін.

Бүйректің жедел зақымдануына әкелетін несептегі кристалдар.

Гирлянда тәрізді пішінді немесе «інжу жіптері» түрінде (IgA тәуелді сызықтық дерматоз) топтастыру және түзілуге үрдіспен ортасында қыртысы бар везикулалар мен күлдіреуіктері бар бөртпе.

Ми мен жұлын маңындағы қабықтардың қабынуы (асептикалық менингит).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Препаратқа және басқа бета-лактамдық антибиотиктерге жоғары сезімталдық
  • 6 жасқа дейінгі балалар
  • Жұқпалы мононуклеоз және лимфолейкоз

Саудалық атаулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Флемоксин солютаб, хиконцил, амоксициллин, оспамокс, амосин. [1]

Қосымша мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәрілік препараттың құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 574.00 мг амоксициллин тригидраты (500.00 мг амоксициллинге баламалы) немесе 1148.00 мг (1000.00 мг амоксициллинге баламалы)

қосымша заттар - магний стеараты, поливидон (К 25), натрий крахмал гликоляты А типі, микрокристалды целлюлоза, 96 % этанол (50 % ерітінді түрінде)

үлбірлі қабық құрамы - титанның қостотығы (Е 171), тазартылған тальк, гидроксипропилметилцеллюлоза

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, екі жағында да сызығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, ұзындығы шамамен 18 мм және көлемі шамамен 7 мм (500 мг доза үшін), ұзындығы шамамен 22.5 мм және көлемі шамамен 11 мм (1000 мг доза үшін).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Лекарстенные средства. М.Д. Машковский. Ташкент, 1998