Алғабас (Ақжайық ауданы)
Ауыл | |
Алғабас | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
50°38′03″ с. е. 50°35′53″ ш. б. / 50.63417° с. е. 50.59806° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°38′03″ с. е. 50°35′53″ ш. б. / 50.63417° с. е. 50.59806° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1963 |
Бұрынғы атаулары |
Верхневоло́гино (Верхний Вологин) |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
1189 адам (2009) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
07 |
Алғабас шекарасы
|
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5f/Disambig_gray.svg/22px-Disambig_gray.svg.png)
Алғабас — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Алғабас ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан орталығы - Чапаевтан солтүстік-батысқа қарай 65 км жерде, Жайықтың Көшім тармағы мен Дүре жайылмасы аралығындағы жазық келген қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылы тұрғындар саны 1244 адам (628 ер адам және 616 әйел адам) болса, 2009 жылы 1189 адамды (594 ер адам және 595 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі 1963 жылы «Алғабас» қой өсіру кеңшары ретінде қаланды. 1993 жылға дейін "Верхний Вологин" селосы аталып келді. 1997 жылдан кеңшар негізінде 29 шаруа қожалығы мен 1 ЖШС жұмыс істейді. Алғабаста және ауылдық округ құрамындағы Қарағай, Бесоба, Тоған, Жаңажол, Тегісжол ауылдарында 2 орта, 2 орталау, бастауыш мектеп, 2 мәдениет үйі, 5 кітапхана, дәрігерлік амбулатория мен 5 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[2]
Ауыл көшелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- А. Сапаров көшесі
- Б. Смайлов көшесі
- Бейбітшілік көшесі
- Е. Орақбаев көшесі
- Ж. Сидағалиев көшесі
- З. Жұбандықов көшесі
- Қ. Еділбаев көшесі
- Орталық көшесі
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
|