Алты (тоғыз) қатын жортақай
Алты (тоғыз) қатын жортақай - дәстүрлі неке салтында күйеу жолдас тарапынан берілетін кәде түрінің атауы. Қыз жеңгелерінің күйеу жігіттің қасына еріп келген күйеу жолдастан «жортақайын», яғни кәдесін талап етеді. Күйеу жолдас жортақайын бермесе, алты қатын (шынында онан да көп) жабылып тартып алуға тырысады. Жетісудің кейбір жерлерінде құдандалық салтында ойналатын ойын түрі де алты (тоғыз) қатын жортақай деп аталады. Осы тектес басқа да ойындардың негізгі мәні кәде алу үшін жасалады. Сондықтан тиісті кәдесін беріп құтылады. Мысалы, келген құдаларын күтуші әйелдер кіші құдаларды әжуалап, бетіне айран, ұн жағу кәдесін жасайды. Мұндайда кіші құдалар әйелдерге сыйлықтарын береді. Кәде сыйын бермей бұлтарса, құда жағының біреуін еңбектетіп қойып, алты әйел аттай мінген ишарасын жасайды. Солтүстік өңірде осының параллелі ретінде құданы арбаға жеккен.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |