Алтын қорымы
Алтын қорымы - сәулет өнері ескерткіші. Атырау облысы Махамбет ауданы Ортақшыл ауылының солтүстік-шығысында 4 км жерде орналасқан. 1988 - 89 жылы "Казреставрация" институтының экспедиция (жетекші С.Әжіғалиев) зерттеген. Құрамында 19-20 ғасырларға жататын 200-ден астам дәстүрлі құрылыстар бар. Қорымда белгілі қоғам қайраткері Айтуар би жерленген. Ескерткіш ішінде "төрткұлақ" деп аталатын төртбұрышты қоршаулар мен тас үйінділер сакталған. 19 ғасырдың 2-жартысына жататын "үйтам" үлгісімен, өңделмеген кірпіштен котерілген 4 күмбез бар. Кіретін бөлігі порталды оңтүстік қасбетінде орналасқан. Қорымның батыс жағында құлпытастар орнатылған. Олардың ішінде биіктігі 3 метрге дейін жететін көлемділері де бар. Ерекше дараланатыны: дөңгелек тәрізді, ең бойында эпитаф. жазуы бар және тасқа айналған ағаш іспеттес ("қада тас") құлпытастар.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|