Алекс Сандро

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алекс Сандро Лобо Силва (порт. Alex Sandro Lobo Silva; 26 қаңтар, 1991 жыл, Ананиндеуа, Бразилия), немесе жәй ғана Алекс Сандро — бразилиялық футболшы, «Ювентус» клубы мен Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы.

Бразилияның "Атлетико Паранаэнсе" клубының түлегі. Осы клубта, Уругвайдың "Депортиво", Бразилияның "Сантос" командаларында ойнап, 2011 жылы Еуропаға келді. "Порту" сапында төрт жылдай ойнады да, 2015 жылы "Ювентуске" ауысты. "Ювентустегі" келісім-шарты 2020 жылға дейін.

Ұлттық құрамаға алғаш рет 2011 жылы шақырылып, Бразилия-Габон жолдастық кездесуінде алаңға шықты. Содан бері 7 ойында ғана ұлттық құрама намысын қорғады.

Клубтық карьерасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2008—2010 Бразилия Атлетико Паранаэнсе 25 (1)
2010—2011 Уругвай Депортиво Мальдонадо 0 (0)
2010—2011 Бразилия Сантос 38 (2)
2011—2015 Португалия Порту 87 (3)
2015— Италия Ювентус 50 (5)

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бразилия "Сантос"

  • Сан-Паулу штатының чемпионы (2): 2010, 2011
  • Бразилия кубогы: 2010
  • Либертадорес кубогы: 2011

Португалия «Порту»

  • Португалия чемпионы (2): 2012, 2013
  • Португалия суперкубогы: 2013

Италия «Ювентус»

  • Италия чемпионы: 2015/2016, 2016/2017
  • Италия суперкубогы: 2015/16, 2016/17

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

 Бразилия құрамасы

  • Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері: 2012
  • Америка кубогы: 2019

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлттық құрамалар сайтындағы профилі