Алексей Михайлович Эттенко
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Алексей Михайлович Эттенко | |
Өмірбаяны | |
---|---|
Мамандығы | Механизатор |
Дүниеге келуі | 1937 жылы Риддер,Шығыс Қазақстан облысы |
Қайтыс болуы | белгісіз |
Марапаттары | |
өңдеу |
Эттенко Алексей Михайлович 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногорск қаласында туған. Еңбек жолын 1952 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Кеңес ауданындағы «Қиялы» кеңшарында тракторшы машинист болудан бастаған. Кейін КСРО-ның 50 жылдығы атындағы кеңшардың №1 бөлімшесінің комсомолжастар бригадасын басқарған. 1973 жылы 10 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Алексей Михайлович Эттенкоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ленин орденімен, «Орақ пен балға» алтын медалі тапсырылды. Бұған дейін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған болатын. Сондай-ақ, бұл марапаттардың барлығына да лайықты болатын.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.