Александр Антонович Хапсалис
Александр Хапсалис | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
172 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
68 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
жартылай қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Хапсалис Александр Антонович 17 қазан 1957, Талғар) — спортшы, футболдан халықаралық дәрежелі спорт шебері.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1973-75 жылдары "Қайраттың", 1976-82 жылдары Киевтің "Динамо" командасының құрамында ойнады. 1978, 1982-84 жылдары КСРО Кубогінің иегері атанды. 1980-82 жылдары КСРО чемпиондығына қол жеткізді. 1976-85 жылдары КСРО құрама командасының мүшесі болған.[1]
1973 жылы "Қайраттың" екінші құрамында ойнады. Ұзамай негізгі құрамда ойнай бастады. Негізгі құрамдағы тұңғыш ойынын 1974 жылы 27 мамырда "Заря Ворошилов" клубына қарсы өткізді. Бұл КСРО кубогы матчы болатын. 1975 жылы "Қайрат" сапында КСРО бірінші лигасында ойнады.
1975 жылы Ташкентте халықаралық турнирде үздік мерген атанды да, "Динамо Киев" бапкерлерінің бірі Михаил Ломанның көрсетуімен Валерий Лобановскийдің көзіне түседі. Ұзамай сол клубқа ауысты. 1976 жылы 4 сәуірде киевтіктер сапындағы тұңғы ойынын "Динамо Мәскеуге" қарсы өткізді. Хапсалис кездесудің 68-минутында алаңға шықты.
1983 жылы сол Мәскеудің "Динамосына" ауысты. Кейін Украин КСР-індегі бірнеше клубта доп тепті.
1992 жылы АҚШ-тың "Сан-Диего Соккерс" клубына ауысты. Сол күйі АҚШ-қа тұрақтап қалды.
Ұлттық құрама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1979 жылы КСРО құрамасы сапында екі ойын өткізді. 7 шілдеде ЕУРО-1980 іріктеуінде Финляндияға қарсы ойында бірінші, 14 қазанда Румынияға қарсы жолдастық кездесуде екінші ойынын өткізді. Финляндиямен ойыында бір гол соқты, бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]КСРО дәурінде дәрігерлер "жүрегі нашар" деген диагнозбен футбол ойнауына тыйым салды, тіпті "егер біздің ескертуімізді тыңдамай ойнай берсе, бір кінәлі болмаймыз" деген тілхат та жазып берді[2]. Бірақ соған қарамастан Хапсалис 1993 жылға дейін доп тепті.
Екі рет үйленген, екі әйелінен төрт перзенті бар.
Қазір Лос Анжелесте футбол мектебі бар, өзі соның қожайыны.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- КСРО чемпионы (2): 1980, 1981
- КСРО кубогы 1978, 1982, 1984
- Жаөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы 1976.
- Жастар арасындағы Еуропа чемпионы 1980.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
- ↑ http://www.kazpravda.kz/index.php?uin=1152085727&chapter=1000051813&act=archive_date&day=18&month=5&year=2002
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|